Get Mystery Box with random crypto!

Жолдауда мен берген болжамдардың біразы орындалмады. Бірақ бәр | Kongressman

Жолдауда мен берген болжамдардың біразы орындалмады. Бірақ бәрібір өте қуаныштымыз) Ұзақ аңсаған арманымыз туған қаламыздың облыс орталығы болуы. Жолдаудың өзі, неге бұндай форматта екені туралы кейінірек эмоциялар басылған жазармын. Енді неге жаңа облыстардың құрылуы жақсы шешім екеніне тоқталсам.

1) Бүгін ашылған облыстар бұрын болғаның бәріміз білеміз. Оны біріктіру себебі көрші облыстардағы өзге ұлт өкілдерінің басымдылығы мен түрлі геосаяси қауіптер тұрды. Осы шешімнің арқасында халықтардың араласуы орын алып сепаратизмнің төмендеуі болды деп айта аламыз. Енді облысты бөлу туралы шешім сыртқы қауіптің төмендеуі деп білемін. Өскеменге көз тігу жоқ екені белгілі, сонда да көз тіге қалса ешқайда кетпейтіні анық.
2) Жезқазғанда Семейде дамуы жағынан қарқыны жоғары емес. Ал оларды облыс ету арқылы біз нақты екі қаланың дамуына үлкен серпіліс береміз деп ойлаймын. Қапшағай мен Талдықорғанда да жаңаша даму болатыны сөзсіз. Жаңа жұмыс орындары, көбірек бюджеттің бөлінуі аймақтардың дамуында аса маңызды. Біз көңіл бөлсе көркейте алатынымызды Түркістаннан көрдік. Енді дұрыс басшылар келіп қалаларымыз көркейсе деген үміт.
3) Бізде облыстан бөлек аудандар мен ауылдар жағдайы жақсы емес. ШҚО мен Семейдің қосылуы кезінде өте көп аудандар біріккен болатын. Енді облыстарды бөлуде аудандар шекарасы қайта қаралып жаңа (ескі) аудандар пайда болады. Олда ауылдардың дамуына үлкен пайда. Аудандардың жеке болуы халық үшінде ыңғайлы деп ойлаймын. Яғни жаңа облыстар қаланың ғана емес ауылдардың да дамуы.
4) Тұрғындардың мотивациясының артуы мен білікті мамандардың аймақтарға оралуына себепші болады. Біз Семейден көп жастардың кетіп жатқаның жиі айтамыз (тіпті өзім де кеткім келген). Енді көңіл бөлініп жұмыс орындары ашылса адамдар аймақтарына үйлеріне қайтады. Тіпті жұмыс істеу барысында жаңа мотивациямен кіріседі деп ойлаймын. Мысал меніңде мемлекеттік қызметке оралуға ниетім оянды)
5) Абай, Ұлытау, Жетісу және Қонаев бұл қазақи атаулардың рухани себебі өте жоғары. Бізде басым ұлт қазақ ұлты, және мемлекетте ұлттық бірегейлік болмаса сыртқы қауіп екі еселенетінің соңғы оқиғалар дәлелдеді. Азаматтарды ұлттандыру және патриотизмін оятуда бұл аса маңызды шешім. Димаш атамыздың еңбегінің бағалануы құрметке ие болуы да халыққа қуаныш сыйлайтыны анық.
6) Президент беделі екі есе артты. Дәл кәзір экономика қиын жағдайда және экономикалық реформа жасау қиын еді. Осы себептен рухани қуаныш сыйлау арықылы қолдауды бірнеше есе арттырды деуге болады. Жолдау біз үшін өтірік сандар мен уаделер емес ендігі таңда бәріміз күтіп тыңдайтын маңызды шараға айналды деуге болады.

Мен қалам үшін, туған жерім үшін өте қуаныштымын. Енді құр қуана бермей осы жаңа Қазақстандағы, жаңа Облыстың, жаңа Облыс орталығының дамуына үлес қосуымыз керек деп ойлаймын.