Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator_Maulen

Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen K
Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen
Арна мекенжайы: @kommentator_maulen
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 21.87K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 88

2023-03-13 18:32:23
"Арсенал" чемпиондыққа асық!

Канонирлердің "Фулхэмге" қарсы ойыннан кейінгі жарияланған фотосы қызу талқыға түсті. Көптің пікірін тудырған суреттегі сағат сыры фанаттарды алаңдатпай қоймады. Жасырылған жұмбақтың жауабын табуға бекінген әлеуметтік желі қолданушылардың пайымы уақыт өте алыстап жатты. Бірақ, фанаттардың бір беткейлігі мен ақылы өз дегендеріне жеткізді. Көптеген тұжырымдарды илектен өткізген бір азамат сағатта көрсетілген 11 санын біріншілікте қалған ойынға, 2 санын біріншілік бітетін ай уақытына теңепті. Және де ол қателеспеді!

Футбол ақылдың спорты емес дегендерге жібер. Кейде бізде поле чудес ойнап тұрамыз!

@kommentator_maulen
3.6K views15:32
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 17:48:20
Скотч пен маркерге күні қараған бельгиялық клубтарға не болды?

"Серен" мен "Антверпен" арасындағы матчта қызық жайт орын алды. Бірдей түсті жейдеде алаңға шыққан командалар бір-бірін таппай дал болды. Былай жалғасқанын қаламаған қожайын ұжым басқа жейдеге ауысып алады. Қап, әттеген-ай! Жаңадан киілген футболкалар артында басқа адамдардың нөмірі мен аттары жазылған. Абыройға орай, тик-токта құр отпай лайфxак видеолар көрген бір аяқдопшы әрекет етті. Ол командаластарына скотч пен маркерді таратып шешілмей жатқан мәселені шешіп берді. Жалпы ойын "Антверпен" жеңісімен аяқталды (2:0).

Жейдесінің жазбалары жалау құсап жалбырап жүретін "Қайсарға" мына бір мысал екен!

@kommentator_maulen
1.6K viewsedited  14:48
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 17:23:30
Шабуылшылардан қамал тұрғызбақшы ма?

"ПСЖ" ФК Эрлинг Холандты 200 млн еуроға қатарына қоспақ ниетте.

35 матча 34 гол соққан "асаусары" париждік клубтың Рамуш пен Осимхеннен кейінгі басты нысаны!

@kommentator_maulen
1.6K viewsedited  14:23
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 15:15:12
«Астана» - «Ақтөбе»

Турдың басты матчы «Астана Аренада» ойналады.

«Астананың» жеңісі көп кеңселерде өте аз коэфицентпен бағаланған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ Юбет кеңсесі елордалық клубтың жеңісіне 1,6 коэфицент беріп тұр. Өзгелер небәрі – 1,45 кэф беріпті. Матч төрешісі Артем Кучин ешкімнен пара алмайтын, еліміздегі әділ төрешілердің бірі. Тура қазір ұпайға таласатын қатты бір интрига жоқтың қасы. Саяси күштер алаласатын матч деп есептемеймін. Чемпионаттың соңғы турлары болса түсінер едік. Егер төрешісіз, ешқандай саяси интригасыз таза ойын өтетін болса ойын тең аяқталуы тиіс. Тура қазір «Астана» мен «Ақтөбенің» қарымы біркелкі. «Ақтөбе» «Оқжетпес» пен «Жетісуға» 6 гол салды. «Астана» болса «Шахтер» мен «Жетісуға» 4 гол салды. Екеуі де аутсайдерлермен кездескен. Жалпы қос ұжымның шабуылы өте күшті. Сондықтан да, бұл матчта екі тараптан голдар салынып, тартысты ойын өтеді.
Болжамым матч тоталы 2,5 көп.

@kommentator_maulen
3.0K viewsedited  12:15
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 14:46:07
«Қайрат» - «Каспий»
Өткен турда «Каспий» легионері Коцев қателесті.

«Қайрат» кез келген матчта кем дегенде 2 гол салатынын елдің бәрі біледі. Бұл кәдімгі «Боруссия» Дортмунд қой. Сондай әдемі голдар салады. Шушеначев қазір бабында. Ойнаған матчында гол салып жатыр. Сосын, Еркебұлан Сейдахмет ойынға араласа бастады. Оның салған голы 2-турдың үздік голы болып танылды. Енді осы жолы өз алаңында «Каспийге» қалайша 2 гол салмайды? Жүз пайыз салады.
«Каспий» қорғанысы өте қиын екен. Өткен матчтардан бері байқап келе жатырмыз. Бірінші турда қақпашысы Плотников плотно қателесті. Одан кейін «Тобылмен» болған матчта Македониядан алдыртқан қорғаушы Коцев жас баланың қателігін жасады. «Каспий» гол сала ма, салмай ма қайдам, бірақ, 2 гол жіберетіні түсінікті.
«Қайрат» тоталы 1,5 көп дегенге Юбет кеңсесі тура қазір – 1,68 коэфицент беріп тұр. Мен болжам жазғаннан кейін букмекерлік кеңселер коэфиценттерді түсіретінін білесіздер. Қазірден бастап, қам жасаңыз.
1.2K views11:46
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 13:19:29
Футбол десе басымен кеткен Гави

Хави мен Иньестаның деңгейіне жете ала ма?
874 views10:19
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 12:33:19
Мақаланың толық нұсқасы мына сілтемеде

https://aladop.kz/post/qazhyry-zhoq-qaisar-47078/
213 viewsedited  09:33
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 12:22:30
АПЛ-дің бүгіні осыны

Турнирдің аяқталуына санаулы тур қалды.

Чемпионшипқа ұшатындар да, кубок құшатындар да әлі белгісіз.

Болжамыңыз қандай?
1.0K views09:22
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 10:56:13
2-турдан кейінгі статистикалық мәліметтер. Осындайды біліп жүрсеңдер бәс тіккен кезде жеңіске жетесіңдер!
3.1K views07:56
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 03:16:54
Каземиро "МЮ" алдағы 4 ойынына қатыспайды

Жартылай қорғаушы "Саутгемптонға" қарсы командасын 10 ойыншымен қалдырған болатын. Осылайша ол екінші рет қызыл қағаз алғандықтан үш емес, төрт матчтан шеттетілмек.

Каземироны "Фулхэмге", "Брентфордқа", "Ньюкаслға" және "Эвертонға" қарсы ойындардан көре алмаймыз. Бразилиялық ішкі біріншілікте тек сәуірдің ортасында алаңға шығады.

@kommentator_maulen
6.3K views00:16
Ашу / Түсініктеме