Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator_Maulen

Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen K
Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen
Арна мекенжайы: @kommentator_maulen
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 21.87K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 98

2023-03-07 14:01:25
Casinoaviator.com және [uclfribet] промо-кодымен тіркеліңіз
депозитсіз 2000тг freebet алыңыз
https://sshortly.net/EZtlja

Сондай-ақ, 125% депозитке қосымша бонус алыңыз + көптеген тегін айналдыру!
https://sshortly.net/EZtlja
7.7K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2023-03-07 13:26:38 Kommentator_Maulen pinned «Видеомыз шықты. Ертеңгі ЛЧ туралы сөз сөйледік.

»
10:26
Ашу / Түсініктеме
2023-03-07 13:18:43
Ла Лига қақпашылары ойынға жаппай қара жейдемен шыға бастады! Black Lives Matter-дің дымға қатысы жоқ!

Қақпашылар қара жейдені кию арқылы "Атлетиктің" қақпа қорғаны Хосе Ирибарға сый-құрметін көрсетуде. Ла Лигада 600 ойын өткізген испандық осы аптада 80 жылдығын тойлады!

@kommentator_maulen
8.0K views10:18
Ашу / Түсініктеме
2023-03-07 12:52:23
13 жыл отасқан әйелімен ажырасып, өзінен 13 жас кіші бойжеткенмен көңіл қосты!

Сисси есімді жарымен ара-қатынасын үзген Тухель теңін лезде тапты. Бұл жолы папарацция өкілдері бапкерді Натали Макспен ұстап алды. Ақ сақалды бапкер нәзік жандыны 8 мартқа орай столовыйға апарыпты.

@kommentator_maulen
8.0K viewsedited  09:52
Ашу / Түсініктеме
2023-03-07 10:03:19
Чемпиондар Лигасының 1/8 финалындағы қарымта ойындар

Келесі кезеңге қандай командалар өтеді?
8.4K views07:03
Ашу / Түсініктеме
2023-03-07 09:44:02
«Челси» - «Боруссия» Д

Екі ұжымның да келесі кезеңнен дәмесі зор.

Бірінші матчта Карим Әдейеми гол салып, «Боруссия» 1:0 жеңіп кетті. Сол матчта «Челси» қақпаға 21 соққы жасады. Қақпашы Грегори Кобель матчтың қаһарманы атанды.
«Боруссия» Дортмунд 2023 жыл басталғалы бері 10 ойын өткізіп, соның бәрін жеңді. 3 наурыз күні олар «Лейпцигті» 2:1 есебімен жеңді. Бундеслигада қазір «аралар» «Бавария» секілді 49 ұпай жинап, екінші орында тұр.
Ойыншылар құрамы:
"Челси"
: Кепа; Чалоба, Кулибали, Фофана; Джеймс, Ковачич, Энцо Фернандес, Чилуэлл; Мудрик, Жоау Феликс, Хаверц
Дисквалификация: Маунт
"Боруссия": Кобель; Вольф, Зюле, Шлоттербек, Геррейру; Джан, Салих Эзджан; Бранд, Беллингем, Ройс; Алле
Дисквалификация: Райерсон

«Челси» 4 наурыз күні «Лидсті» 1:0 есебімен жеңді. Қазір олар АПЛде 10 орында келе жатыр. «Ақсүйектердің» гол салуы қиын. Қорғанысы Тьяго Сильва жарақат алмай тұрып та гол жіберіп тұратын. Демек, «Боруссияның» ширек финалға өтетін мүмкіндігі анағұрлым жоғары деген сөз.

Болжам: «Боруссия» Дортмунд гол салуға тырысады. Бұл команда кілең жастардан жасақталған. Шабуылы да жаман емес. Соңғы кездері бабында жүрсе, демек өз ойынын ойнап бұл матчта да гол сала алады деген сөз ғой.
8.4K views06:44
Ашу / Түсініктеме
2023-03-07 06:43:06
«Бенфика» - «Брюгге»

«Залеч на дно в Брюгге» деген кино көргенсіңдер ме?

Иә, «Брюггенің» жағдайы қиын. Олар өз алаңында 0:2 жеңіліп, келесі кезеңге өтетін мүмкіндіктен айырылған десек те болады. Одан кейін Скот Паркердің шәкірттері ішкі чемпионатта «Остенде» деген аутсайдер командаға 3:0 жеңіліп қалды. Масқара.
«Бенфика» болса соңғы турда «Фамиликан» командасын 2:0 жеңіп тастады. Сол ойында жас шабуылшы Гонсалу Рамуш дубль жасап, мықтылығын дәлелдеді. Португал шабуылшысы 15 гол салып қазір чемпионатта үздік сұрмерген болып отыр.

Ойыншылар құрамы:
"Бенфика"
: Влаходимос; Бах, Антониу Силва, Отмаменди, Гримальдо; Эурснес, Флорентину; Жоау Мариу, Нерес, Рафа Силва; Гонсалу Рамуш
Ойнамайтындар: Дракслер (тобық), Ристич (сан еті)

"Брюгге": Миньоле; Мата, Мехеле, Силла, Мейер; Сова, Нильсен, Ванакен, Бьюкенен; Джутгла, Ланг
Ойнамайтындар: Хендри (бел жарақаты), Сков-Ольсен (бел жарақаты)

Португалия командасы өте мықты. «Брюггені» тағы да жеңеді. Ол анық сезіліп тұр. Одан бөлек «Бенфика» жеке тоталы 1,5 көп дегенді алса да болады.
8.5K views03:43
Ашу / Түсініктеме
2023-03-06 17:31:52 Видеомыз шықты. Ертеңгі ЛЧ туралы сөз сөйледік.



9.8K views14:31
Ашу / Түсініктеме
2023-03-06 16:37:21
Бапкерінің лицензиясы жоқ "Реймс" 18 ойын қатарынан жеңілмеуде!

Команда 1 Лиганың турнирлік кестесінде 8 орында келеді.

Кеше команда "Аяччоны" 1:0 есебімен жеңді! Ойындағы жалғыз голды Каюсте салды.

@kommentator_maulen
8.7K viewsedited  13:37
Ашу / Түсініктеме
2023-03-06 16:30:34
Бүгін, "Реал Мадрид" ФК құрылғанына 121 жыл толыпты! Құттықтаймыз!

Аталған жыл аралығында мадридтік клуб өзін әлемдік деңгейге танытты! Өзінің мықты ойыншыларымен танылды!

@kommentator_maulen
8.1K viewsedited  13:30
Ашу / Түсініктеме