Get Mystery Box with random crypto!

Скотч пен маркерге күні қараған бельгиялық клубтарға не болды? | Kommentator_Maulen

Скотч пен маркерге күні қараған бельгиялық клубтарға не болды?

"Серен" мен "Антверпен" арасындағы матчта қызық жайт орын алды. Бірдей түсті жейдеде алаңға шыққан командалар бір-бірін таппай дал болды. Былай жалғасқанын қаламаған қожайын ұжым басқа жейдеге ауысып алады. Қап, әттеген-ай! Жаңадан киілген футболкалар артында басқа адамдардың нөмірі мен аттары жазылған. Абыройға орай, тик-токта құр отпай лайфxак видеолар көрген бір аяқдопшы әрекет етті. Ол командаластарына скотч пен маркерді таратып шешілмей жатқан мәселені шешіп берді. Жалпы ойын "Антверпен" жеңісімен аяқталды (2:0).

Жейдесінің жазбалары жалау құсап жалбырап жүретін "Қайсарға" мына бір мысал екен!

@kommentator_maulen