Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator_Maulen

Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen K
Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen
Арна мекенжайы: @kommentator_maulen
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 21.87K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 13

2023-05-22 10:29:39
Тухель барлығын жақсы түсініп отыр:

"Егер "Бавария" Бундеслиганың осы маусымында топ жармаса, бар кінәні өз мойныма аламын. Сылтау айтып, жауапкершіліктен қашатын мен жоқ".

Неміс баспаларының мәліметінше, Тухель ішкі біріншілікті жеңе алмағанның өзінде командада қала бермек деседі. Мюнхендік клубтың басшылығы жазға қарай бапкердің үздік ұжым қалыптастыруына көмектеспек. Ол үшін трансферлерге де қомақты ақша бөледі.
2.2K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 07:29
Ашу / Түсініктеме
2023-05-22 10:16:59
Рияд Марез - Ағылшын Премьер-Лигасында 5 рет жеңімпаз атанған алғашқы африкалық футболшы!

2015-16
2018-19
2020-21
2021-22
2022-23
2.5K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 07:16
Ашу / Түсініктеме
2023-05-22 10:11:52
"Сьон" ФК 10 матчтан кейін бапкерін жұмыстан қуды. Оның орнына швейцариялық ұжым қараша айында қош бол деген маманды қайта шақырды. Бапкер командаға 4 рет оралып отыр

"Сьон" президенті Зиданның бұрынғы көмекшісі Давид Беттониді командадағы жағдайды түзету үшін шақырған болатын. Бірақ, маман чемпионаттың аяқталуына 4-тур жетпей орнын босатуына тура келді. Себеп, ұжымда айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Басы жасайтын президент бапкер іздеп қиналмады. Ол бұрындары жұмысынан ерте қуған бапкерге әлі де жалақы төлеп отырғанын еске түсірген екен. Осы кезде басшы ақшаны алысқа шашқанша, экс-бапкер Паоло Трамеццаниді қайта тағайындай салған дұрысырақ болады деп шешім қабылдайды.

Осы орайда, Паоло 4 рет клубты қайта тізгінге алды. Бапкердің "Сьондағы" алғашқы қадамы 2017 жылы басталған болатын. Ол кезде маман швейцариялық ұжымда 3 ай тұрақтаған еді. Одан кейінгі қызметте 2 ай. Трамеццани "Сьонда" ең ұзақ дегенде 1 жыл көлемінде жұмыс атқаруға мүмкіндік алды. 2000 жылдардан бері "қызыл-ақтар" жүйесінде 58 бапкер қызмет етті
2.6K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 07:11
Ашу / Түсініктеме
2023-05-22 09:11:25
Таласқанға тайдың тасағы

Қазақтың шалдарынан қалған мақал

Соболев Рошаға әтәмәйін көрсеткен, жынына тиіп ше.

Ал Роша осыны төрешіге түсіндіріп, өз әтәмәйін көрсетемін деп қызыл алды.

Қызықсыңдар балдар, әркім барын көрсете берсе не болады. Дзюба мақыл енді, сендерге не жоқ дап-дардай боп.
1.8K viewsАнтонеланың қайнысы, 06:11
Ашу / Түсініктеме
2023-05-22 07:58:54
Қол жетті міне аңсаған күнгееее

Жасай бер, жаса, Ситиім менің
310 viewsАнтонеланың қайнысы, 04:58
Ашу / Түсініктеме
2023-05-22 07:09:28
Жас бала өспей ма, көкейіңді теспей ма?

Бұл 23 жасқа дейінгі нәтижелер
1.8K viewsАнтонеланың қайнысы, 04:09
Ашу / Түсініктеме
2023-05-21 19:06:19
Wir lieben dich! Mia san mia!

Бундеслига чемпионының тағдыры шешілетін матч өтіп жатыр. "Боруссия" - "Аугсбургты" жеңсе, Германия біріншілігінде топ жармақ. Алайда, бір вагон сыраның мотивациясына тойып алған "фуггерлер" оңай беріле салмайтын анық

Кімнің чемпион атанғаны дұрыс?

"Бавария", Тухельге бір жұбаныш болсыншы!
"Боруссия", "аралардың" жеңімпаз болған күнін ұмытып қалдық. Қайта еске алатын кез келді!
5.1K viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  16:06
Ашу / Түсініктеме
2023-05-21 18:42:35
Мәскеулік дербиде бәрі болды

РПЛ, 28-тур
"Спартак" 2:1 "ЦСКА"
Голдар: Медина 37', Промес 43', 90'

Қызыл қағаз: Роша, Соболев 69'

Қатарынан екі офсайд
Екі қызыл қағаз
Күмәнды екі пенальти
Проместің тарихи рекорды

Отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов ойынға кеш қосылды. Ол "әскерилердің" кездесудегі жалғыз голын соққан Мединаны 81 минутта алмастырды.
5.3K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 15:42
Ашу / Түсініктеме
2023-05-21 18:28:16
Қош бол деп айттың, тағы да бірдеңе дедің

"Челси" ФК бірқатар футболшылары Маурисио Почеттиноның жаңа маусымдағы жоспарына кірмейді екен. "Ақсүйектердің" ұжым басшылығы тізімге енген аяқдопшыларды алдағы апталарда сатып құтылады:

Обамеянг
Ампаду
Абдул Рахман Баба
Лофтус-Чик
Хадсон-Одои
Ковачич
Менди
Пулишич
Маланг Сарр
Зиеш
5.4K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 15:28
Ашу / Түсініктеме
2023-05-21 18:10:08
Фабио Квальярелла А Серияның 18 маусымы қатарынан гол соғып келеді. Италия футболында бұндай көрсеткішке тек Франческо Тотти (23), Сильвио Пиола (20) мен Джанни Ривералар ғана қол жеткізген болатын (20).

Одан басқа, Квальярелла А Сериясында гол соққан 40+ жастағы бесінші футболшы ретінде есте қалды. Қырқында қамал алған аяқдопшылар қатарында Златан Ибрагимович, Алессандро Костакурта, Сильвио Пиола және Пьетро Верховод бар.

Аңыз
5.4K viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  15:10
Ашу / Түсініктеме