Get Mystery Box with random crypto!

'Сьон' ФК 10 матчтан кейін бапкерін жұмыстан қуды. Оның орнына | Kommentator_Maulen

"Сьон" ФК 10 матчтан кейін бапкерін жұмыстан қуды. Оның орнына швейцариялық ұжым қараша айында қош бол деген маманды қайта шақырды. Бапкер командаға 4 рет оралып отыр

"Сьон" президенті Зиданның бұрынғы көмекшісі Давид Беттониді командадағы жағдайды түзету үшін шақырған болатын. Бірақ, маман чемпионаттың аяқталуына 4-тур жетпей орнын босатуына тура келді. Себеп, ұжымда айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Басы жасайтын президент бапкер іздеп қиналмады. Ол бұрындары жұмысынан ерте қуған бапкерге әлі де жалақы төлеп отырғанын еске түсірген екен. Осы кезде басшы ақшаны алысқа шашқанша, экс-бапкер Паоло Трамеццаниді қайта тағайындай салған дұрысырақ болады деп шешім қабылдайды.

Осы орайда, Паоло 4 рет клубты қайта тізгінге алды. Бапкердің "Сьондағы" алғашқы қадамы 2017 жылы басталған болатын. Ол кезде маман швейцариялық ұжымда 3 ай тұрақтаған еді. Одан кейінгі қызметте 2 ай. Трамеццани "Сьонда" ең ұзақ дегенде 1 жыл көлемінде жұмыс атқаруға мүмкіндік алды. 2000 жылдардан бері "қызыл-ақтар" жүйесінде 58 бапкер қызмет етті