Get Mystery Box with random crypto!

KMG Burgylau

Telegram арнасының логотипі kmgburgylau — KMG Burgylau K
Telegram арнасының логотипі kmgburgylau — KMG Burgylau
Арна мекенжайы: @kmgburgylau
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 354

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 69

2021-05-28 09:16:53
#тағайындау

2021 жылдың 27 мамырынан бастап "Қазмұнайгаз-Бұрғылау" СБК" ЖШС өндірістік-технологиялық бөлімі бастығының орынбасары қызметіне Құрманбаев Еркін Жұматұлы тағайындалды.

Байланыс мәліметтерінде өзгеріс жоқ.

Курманбаев Еркин Жуматович назначен на должность заместителя начальника производственно-технологического отдела ТОО «СБП «КазМунайГаз-Бурение» с 27 мая 2021 года.

Контактные данные остаются без изменений.
76 viewsedited  06:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 08:02:44
#тағайындау

2021 жылдың 27 мамырынан бастап "Қазмұнайгаз-Бұрғылау" СБК" ЖШС жедел басқару бөлімінің бастығы қызметіне Берсенғалиев Бауыржан Карлұлы тағайындалды.

Байланыс мәліметтерінде өзгеріс жоқ.

Берсенгалиев Бауыржан Карлович назначен на должность начальника отдела оперативного управления ТОО «СБП «КазМунайГаз-Бурение» с 27 мая 2021 года.

Контактные данные остаются без изменений.
117 views05:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 08:14:42
#қызықдерек

Ұңғымаларды бұрғылау біздің дәуірімізден бұрын Қытайда ойлап табылған, ал соңынан ұмыт болған. Дүниенің әртүрлі бөлігінде ертеден тұз және ауыз суды өндіру үшін бұрғылау принциптері қолданылған. Алайда ХІХ ғасырда бұрғылау мұнай өндірушілер назарына алынып, қайтадан пайда болды.
60 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 11:40:57 #біздің_ұжым
#тағайындау

«Мұнай көлік» ЖШС –де 2021 жылдың 24 мамырында жаңа басшы тағайындалды.

Кадиров Багитжан Жагипарович 1961 жылдың 16 қарашасында Атырау қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1983 жылы «Тенгизнефтегаз» технологиялық көлік басқармасында бастады.

1992 - 1997 жылдары аралығында Ш. Есенов атындағы қазақ политехникалық университетінде инженер-механик мамандығын алған.

Жоғарғы білімді дипломын алғаннан кейін, «Тенгизшевройл» ЖШС-де автоколонна бастығы болып жұмысқа тұрып, одан әрі 2007 жылға дейін оқыту бөлімінің супервайзері, арнайы және ауыр техникаларды жөндеу және пайдалану жөніндегі менеджердің орынбасары, көлікті пайдалану қызметінің бастығы, өндірістік-техникалық база бастығы қызметтерін атқарды.

2009 – 2016 жылдар аралығында «Қазмұнайгаз-бұрғылау» ЖШС сервистік бұрғылау кәсіпорнының арнайы техника және технологиялық көліктермен қамтамасыз ету цехында көлікті пайдалану жөніндегі жетекші инженер және көлік жөніндегі атқарушы директор қызметтерін абыроймен атқарды.

2017 жылдан «Каспииский Трубопроводный Консорциум Казахстан» АҚ –да Шығыс аймақтық көлік қызметінің бастығы лауазымында жұмыс атқарды.

Мұнай-газ саласында, соның ішінде техникамен қамтамасыз ету саласында 35 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
68 views08:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 12:27:22 #біздің_ұжым

“Бұрғылау” КВН командасы жайдарман ойындарында

Сілтеме арқылы өтіп, тамашалаңыздар!



80 views09:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 09:56:16
Халық санының рекордтық өсімі тіркелді

Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау облысының халқы екі есе өсті. Бүгінде өңір тұрғындарының саны 724 мың 777 адамды құрайды. Облыс көп жылдар бойы туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда келеді, деп хабарлайды "Хабар 24"тілшісі.
90 views06:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 08:11:15
#құттықтаймыз

Туған күн иелерін құттықтаймыз:

Саменова Рая - Жетекші инженер

Есқалиев Амангелді - Бұрғылау қондырғысының шебері

Шәмпеков Жалғас - Электромонтёр

Жұмырбаев Асқар - Қойма меңгерушісі
96 views05:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 07:48:28
Әріптестер, қызметкерлерді сақтандыру үшін медициналық орталықты таңдау үшін мына сілтеме арқылы дауыс беруіңізді сұраймыз.

Коллеги, просим ответить на один вопрос касательно выбора медицинского центра для страхования сотрудников – по ссылке:

https://www.survio.com/survey/d/N3R4K9W3Y5V5Q3T7D
81 viewsedited  04:48
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 15:08:12
Биыл «Қазмұнайгаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС тарихының негізін салушы Балықшы барлау-бұрғылау басқармасына 50 жыл толады. Бұл ҚМГБ мекемесі үшін үлкен мереке.

Өздеріңіз білетіндей, серіктестік «Ембімұнайгаз» және «Теңізмұнайгаз» компанияларының бұрғылау кәсіпорындарының негізінде бұрғылау бөлімшелерін қайта құру жолымен құрылды, олар: Балықшы барлау-бұрғылау басқармасы, Атырау және Жылыой бұрғылау басқармалары, Тампонаж және Мұнара тұрғызу кеңселері.

Кезінде (өткен ғасырдың 1977 жылы) жоғарыда аталған Атырау және Жылыой бұрғылау басқармалары, Тампонаж және Мұнара тұрғызу кеңселері барлау және өндіру бұрғылау көлемінің ұлғаюына байланысты сол Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының негізінде құрылған. Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының өзі 1971 жылы Прорва бұрғылау кеңсесінің негізінде Каспий маңы ойпатында геологиялық барлауды одан әрі дамыту мен күшейтуге байланысты ұйымдастырылды.
44 views12:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 11:12:28 #мұрағат
#біздің_ұжым

Мекемеміздің ардагер мұнайшысы Өтеш Дүйсенбаев жергілікті телеарнаның мұрағаттық сюжетінде.

Арнайы репортажда Бұрғылау компаниясының 2000-жылдардағы жұмыс барысы көрсетілген.



65 views08:12
Ашу / Түсініктеме