2021-06-10 07:21:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында мұнай-газ химиясы және мұнай-газ машинасын жасау салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.
Үкімет басшысы Қашаған кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысы – газ өңдеу зауытының құрылысын бастап берді. Құрылыс орнында символдық уақыт капсуласы салынды. Салтанатты шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Шәріпбаев, NCOC, NCOC акционерлері және «GPC Investment» ЖШС өкілдері қатысты.
Кәсіпорынның өңдеу қуаты жылына 1 млрд м³ дейін шикі күкіртті газды құрайды, одан 815 млн м³ тауарлық газ және 119 мың тонна сұйытылған газ, 212 мың тонна күкірт және 35 мың тонна газ конденсаты өндірілетін болады. Оны 2023 жылғы 4 тоқсанда пайдалануға беру көзделген.
Екі жылдан кейін бұл Қашағанда мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 450 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Инвестициялық жоба экономикалық дамудың өзекті мәселелерін – елді одан әрі газдандыру үшін ресурстық базаны кеңейтуді, газ өңдеу саласын дамытуды және экологияны қорғауды шешу жөніндегі Қазақстан Республикасының нысаналы саясатына сәйкес келеді.
Зауыт құрылысы кезеңінде 2500-ге дейін уақытша, ал пайдалану кезеңінде – шамамен 600-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.
Премьер-министр Республики Казахстан, в рамках рабочей поездки в Атыраускую область, проинспектировал ход реализации крупных инвестиционных проектов в отраслях нефтегазохимии и нефтегазового машиностроения и дал старт строительству газоперерабатывающего завода на Кашагане.
Глава правительства Аскар Мамин, аким Атырауской области Махамбет Досмухамбетов, министр энергетики Нурлан Ногаев, председатель правления АО «КазТрансГаз» Кайрат Шарипбаев, представители и акционеры компании NCOC, и ТОО «GPC Investment» заложили на месте начала строительства завода символическую капсулу времени для будущего поколения.
Мощность переработки предприятия составит до 1 млрд куб. м сырого сернистого газа в год, из которого будет производиться 815 млн куб. м товарного и 119 тыс. тонн сжиженного газа, 212 тыс. тонн серы и 35 тыс. тонн газоконденсата. Ввод в эксплуатацию запланирован в 4 квартале 2023 года. Это позволит увеличить уровень добычи нефти на Кашагане до 450 тыс. баррелей в сутки через два года.
Инвестиционный проект отвечает целенаправленной политике Республики Казахстан по решению актуальнейших вопросов экономического развития – расширение ресурсной базы для дальнейшей газификации страны, развитию газоперерабатывающей отрасли и защите экологии.
В период строительства завода будет создано до 2500 временных, а в период эксплуатации – около 600 постоянных рабочих мест.
73 views04:21