2021-05-31 07:35:48
#мәңгі_есімізде
31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ«Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімізден қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?
Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу құдай, Жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым бұл өмірде? Найзаның ұшында , қылыштың жүзінде жүріп, ата-бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!»
Дәл осындай зарлы үн XX ғасырдың басында қазақтың жерін жайлап еді. Қайран, қазақ елі...
Басымыздан кешкен қасіретті ұмытпай, тарихымыздан сабақ алып, осынау зұлматтың қайталанбауы – бүгінгі ұрпақтың парызы!
75 views04:35