Get Mystery Box with random crypto!

@kazznews

Telegram арнасының логотипі kazznews — @kazznews K
Telegram арнасының логотипі kazznews — @kazznews
Арна мекенжайы: @kazznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 119
Арнадан сипаттама

Главные новости Казахстана.
Администрация не несёт ответственности за рекламу.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-05-04 10:56:00
Қазақстанға тағы бір елден жеткізілген Hayat Vax вакцинасы жайлы не белгілі

Жақында елімізде коронавирусқа қарсы үшінші вакцина пайда болды. Ол - қытайлық Sinopharm технологиясымен өндірілген араб вакцинасы Hayat-Vax. Осы орайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталмыш вакцина жайлы толығырақ мәлімет берді.

Hayat Vax вакцинасы туралы не білеміз? Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы - бұл белсенділігі жойылған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина, Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Рас-Аль-Хайма қаласындағы Julphar фармацевтикалық өндірісінде шығарылған. Hayat Vax вакцинасын БАӘ денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жылдың 09 желтоқсанында тіркеді, содан кейін Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тіркелді. Бүгінгі күні Қытайдан басқа вакцина БАӘ-де өндіруге рұқсат етілген. Ресми мәліметке сүйенсек, әлемнің 34 мемлекетіне бұл вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы қолдануға жіберілген.
33.5K views07:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 07:01:05
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар туралы статистиканы жариялады.

3 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 1 378 495 адам вакцина салдырды.

Екпе салдырған азаматтар саны бойынша бірінші орында - Алматы қаласы. Одан кейінгі орында Алматы облысы. Өңірде 162 мыңнан аса адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған. 28 мыңға жуық адам «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырған.
29.7K views04:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 07:01:27
Қазақстандықтардың қашан маскасыз жүре алатыны белгілі болды.

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кезінде қазақстандықтар қашан маскасыз жүре алатыны туралы айтты.

«Әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін вакцина салдырғандардың саны ең кемі 60 пайыздан асуы керек. Осыдан кейін маска тағу режимінен шығу мүмкіндігі қарастырылады. Біздің азаматтар белсенді түрде вакцина салдырып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, өз жақын туыстарын қорғауға өз үлесін қосады деп үміттенеміз», - деді Цой.
26.8K views04:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 07:52:54
Әнші, композитор, музыкант, Қазақ КСР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ескендір Хасанғалиев 81 жасында қайтыс болды.
16.8K views04:52
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 15:20:22
Жемқорлық вакцинацияға да жетті ме?

Вакцинация паспортын сатып жүргендерге қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Ел арасында вакцинация паспорты сатылады деген ақпарат тарады. Бейресми дерекке сүйенсек, екпенің екі компонентін алды деген құжаттың құны - 15 мың теңге.

Ал құзырлы мекеменің мәліметінше, әзірге жалған паспорт сатып алғандар туралы нақты ақпарат жоқ. Сондықтан, мамандар медициналық ұйымдардың базасы мен ақпараттық жүйелерді салыстырып көрмек. Егер факті дәлелденсе, бұл іске қатысы барлар жауапқа тартылады.
11.8K views12:20
Ашу / Түсініктеме
2021-04-27 07:00:24
Түркістанда жаңа театрдың төбесі желден ашыла бастады. «Керуен-сарай» туристік кешенінің әкімшілігі оқиға 23 сәуірде болғанын айтты.

«Зақымдарды анықтау жұмысы мүмкіндігінше тез жүргізілді, сақтық шаралары қабылданды. Барлық қажет рәсім уақыт жоғалтпай жүргізілді. «Алтын Самұрық» ғимаратымыздағы бұзылған жерлер бір күнде жойылып, қайтадан пайдалануға берілді. Болашақта мұндай жағдайды болдырмау үшін бақылау жалғасады», - деді компания өкілдері.
5.6K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-04-27 07:00:23
Алексей Цой тікелей эфирде отандық вакцинаны салдырды

Бүгін Қазақстанда азаматтарға Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының базасында жасалған QazVac вакцинасын салу басталды.

Министр алғашқылардың бірі болып вакцинаны тікелей эфирде салдырды. Трансляция денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтті.

Алексей Цой Нұр-Сұлтандағы №9 қалалық емханада екпе алды.
4.0K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-04-24 19:34:26
Дүйсенбіде халықты QazVac вакцинасымен вакциналау басталады.

Отандық вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармация» арқылы еліміздің барлық өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізіледі. Ал келесі партия мамырда 50 мың доза көлемінде шығарылады. Одан кейін вакцина өндірісі кезең-кезеңімен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылады.
3.8K views16:34
Ашу / Түсініктеме
2021-04-24 19:34:21
Ахметжан Есімов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды.
3.2K views16:34
Ашу / Түсініктеме