Get Mystery Box with random crypto!

@kazznews

Telegram арнасының логотипі kazznews — @kazznews K
Telegram арнасының логотипі kazznews — @kazznews
Арна мекенжайы: @kazznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 119
Арнадан сипаттама

Главные новости Казахстана.
Администрация не несёт ответственности за рекламу.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-05-13 18:48:01
Ұлттық банк төрағасы бензин неге қымбаттағанын түсіндірді.

"Биыл ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифі өсуіне байланысты бензин 11,6 пайызға қымбаттағаны байқалады", - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы көрсеткішке тең - жеті пайыз. Нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасына байланысты азық-түлік инфляциясы 10,7 пайыздан 9,8 пайызға дейін азайған.
3.1K views15:48
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 16:47:44
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Жаңа Мостбет ойыншыларына 140.000 теңгеге дейін
Сілтеме арқылы өтіп, депозит жасап, өз бонустарыңды ал!

MOSTBETKZ.COM - мен бірге казино ойна

Сізді:
140.000 теңге алғашқы бонус
казинодағы фриспиндер
кэшбек, акциялар және сыйлықтар күтеді

Mostbetkz.com - ең тез төлемдер
1.9K views13:47
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 18:05:20
Қазақстанда бір айдың ішінде баспана бағасы тағы да қымбаттады.

Елімізде бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,8 пайызға қымбаттады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, бір айда (2021 жылғы сәуір 2021 жылғы наурызға қарағанда): абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы 1,7 пайызға; жаңа тұрғын үйлерді сату 0,8 пайызға; абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,1 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ ведомство мәліметінше: - таза әрленген және әрленбеген жаңа пәтерлердің бір шаршы метрі республика бойынша 327 014 теңгені; абаттандырылған тұрғын үйлердің шаршы метрі 261 776 теңгені; абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метріне 1 744 теңгені құрады. Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несие беру бағдарламасы келер жылы да жалғасын табатынын айтқан еді.
2.2K views15:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 16:05:05
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Жаңа Мостбет ойыншыларына 140.000 теңгеге дейін
Сілтеме арқылы өтіп, депозит жасап, өз бонустарыңды ал!

MOSTBETKZ.COM - мен бірге казино ойна

Сізді:
140.000 теңге алғашқы бонус
казинодағы фриспиндер
кэшбек, акциялар және сыйлықтар күтеді

Mostbetkz.com - ең тез төлемдер
2.7K views13:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 07:00:29
Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

"Соңғы қоңырау 25 мамырда оқу жылының үшінші тоқсанынан бері офлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектері үшін өткізіледі. Сондай-ақ, санитария талаптарын қатаң сақтай отырып, 25 мамырға арналған іс-шаралар, соңғы қоңырау және биыл маусымның ортасында өтетін аттестат тапсыру офлайн режимде өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деді министр аппарат жиналысында.

Ол мектеп директорлары, білім бөлімдері мен білім басқармаларына барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, іс-шараны ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау рәсімі ата-ана қатысуынсыз ашық ауада өткізілген болатын.
6.1K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-10 07:00:22
Геннадий Головкин өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ!

IBF бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, КО) WBA суперчемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) желтоқсандағы бірлескен жекпе-жектен бас тартпайды. Бірақ қазақстандық боксшы алдымен өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ деп хабарлайды 24.kz.

Uol.com бразилиялық сайтының дерегіне сай, боксшы 2012 жылғы Олимпиада жүлдегері кәсіби алаңда жеңіліп көрмеген IBF рейтингісінде 5-нөмір саналатын бразилиялық Эскива Фалькаомен (28-0, 20 КО) айқаспақ. Ресурстың мәліметінше, жекпе-жек тамыз айына жоспарланып отыр, дегенмен нақты күні белгісіз. Фалькао промоутер Боб Аруммен (Top Rank), Головкин Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) жұмыс істейді. Бразилиялық ESPN телеарнасында, ал қазақстандық боксшы DAZN стримингінде өнер көрсетеді. Бұдан бұрын екі промоутер бірге жұмыс істеген, боксшылар ауыстырған.
10.1K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 18:00:29
"Күйеу баланың қатысы бар": Грузияда қайтыс болған қазақ қызының анасы мәлімдеме жасады

Грузияда қайтыс болған қазақ қызының анасы тергеудің әділ болуын талап етіп отыр. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Айсұлу Айтпаева жиенінің күйеуін де айыптады. Ер адам Әселді Грузияға алып барған. Оның әрекетінен басқа да қыздар зардап шегуі мүмкін.

Бұған дейін терезеден секіріп кеткен Әсел Айтпаеваның өлімі бойынша Грузия азаматының ұсталғаны белгілі болды. Оны зорлау және адамды өзіне қол салуға дейін жеткізу әрекеті үшін жазаға тартпақ. Ал Әселдің анасы күйеу баласы да жазалануы керек дейді. Себебі оның кесірінен қызы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған көрінеді.
9.1K views15:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 07:00:24
Денесі әр жерде шашылып жатыр: Таразда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Таразда Абай даңғылының бойында жантүршігерлік жол апаты болып, оның салдарынан бір адам көз жұмды. Апатқа кінәлі көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында жасалған адамшошырлық кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Этикалық тұрғыда жантүршігерлік видеоны жарияламаймыз. Оған қоса, психикасы тұрақсыз адамдарға, аяғы ауыр келіншектерге және жасы 18-ге жетпегендерге сілтеме бойынша өтуге кеңес бермейміз. Бейнежазбада жол апатынан қаза тапқан адамның денесі жерде шашылып жатқаны көрініс тапты. Жамбыл облысы полиция департаменті жол апатына байланысты тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
8.5K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 06:01:10
Қаржы министрлігі елордада жасөспірімді шенеуніктің баласы қағып кеткенін растады

Қаржы министрлігі елордада жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кеткен Toyota жүргізушісі мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің басқарма басшысының ұлы екенін растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізушінің әкесі жоғары лауазымды шенеунік емес екенін баса айтты. "Біз әкесін, оның лауазымын ешқалай байланыстырмаймыз. Бұл дұрыс емес. Ол комитет немесе министрліктің топ-менеджері емес, жоғары лауазымды шенеунік деу де қате. Ол мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау департаменті басқармасының басшысы қызметін атқарады. Басқа ұйымдармен салыстырар болсақ, ол бөлім бастығы сияқты", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов. Оның айтуынша, 21 жастағы жүргізушінің әкесі мемлекеттік қызметкер болғандықтан, оның есімі әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде тарап жатыр.
20.3K views03:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 07:00:27
Ескендір Хасанғалиев Алматыдағы Кеңсай зиратына
жерленді

81 жасында дүние салған Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Қоштасу рәсімі композитордың өз шаңырағында өтті деп хабарлайды "Астана" арнасы. Жиналғандар өнер иесін ақтық сапарға "Атамекен" әнімен шығарып салды. Еске салайық, әйгілі сазгер өткен жұма күні, ауруханада көз жұмған еді.

Ескендір Өтегенұлы – лирикалық баритон, композитор, музыкант, Қазақ КСР-ның Халық әртісі және Қазақстанның мемлекеттің сыйлығының иегері.

Оның "Атамекен", "Анаға сәлем" "Әдемі-ау", "Асыл арман" секілді әндері тыңдармандар жүрегінің төрінен орын алды. Біртуар тұлға, қазақ өнерінің мэтрі, ардақты азамат Ескендір Хасанғалиев әр қазақтың жүрегінде естелік боп қалды.
26.9K views04:00
Ашу / Түсініктеме