Get Mystery Box with random crypto!

Kazakh tarih📚📜

Telegram арнасының логотипі kazaktarih — Kazakh tarih📚📜 K
Telegram арнасының логотипі kazaktarih — Kazakh tarih📚📜
Арна мекенжайы: @kazaktarih
Санаттар: Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 60
Арнадан сипаттама

🎓ҰБТ Бренд орталығы
📌Ануар ағаймен Математика 35
📌Математикалық сауаттылықтан 13
📌Тек қана нәтижеге жұмыс жасаймыз
📌1937 мұғалім оқыттық
📌4382 оқушыларды оқыттық
Инстаграм:@ubt_brand
Канал➡ https://t.me/Kazaktarih

Ratings & Reviews

1.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

1


Соңғы хабарлар 56

2021-05-03 11:02:46 ЖАҚСЫ ОСЫ КАНАЛДА ТЕК ТАРИХ САЛАМЫЗ!

АЛ МЫНДА БҮКІЛ ПӘННЕН: @tarih_kz ТІРКЕЛІП КЕТСЕҢІЗДЕР
5.7K viewsedited  08:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 07:28:24 ① 1960ж - Өскемен: Конденсатор зауыты

② 1960ж - Өскемен: Титан-магний комбинаты

③ 1960ж - Семей: Тоқыма фабрикасы

④ 1960ж - Семей: Кабель зауыты

⑤ 1960ж - Жезқазған: Тоқыма фабрикасы

⑥ 1960ж - Жамбыл: Былғары аяқ-киім фабрикасы

⑦ 1960ж ІІ. - Жамбыл: Электр Станциясы

⑧ 1960ж - Кентау: Трансформатор зауыты

⑨ 1960-70ж - Текелі: Акумулятор зауыты

⑩ 1960ж - Алматы: Мақта-мата комбинаты

⑪ 1960ж - Алматы: Төмен В апараттар зауыты

⑫ 1960ж - Ақтөбе: Тоқыма фабрикасы

⑬ 1960ж ІІ. - Атырау: Химия-металлургия зауыты

⑭ 1960ж - Павлодар: Трактор зауыты

⑮ 1960ж - Маңғыстау: Газ өңдейтін зауыты

⑯ 1960ж - Маңғыстау: Мұнай өндіру зауыты

⑰ 1965ж өзінің алғаш мұнайын берген кен орны: Өзен

⑱ 1967ж аяғына қарай жаңаша жұмыс істей бастаған өнеркәсіп орындарының саны: 193

⑲ 1970ж Қазақстанда көмірді арзан бағамен, ашық әдіспен өндірген өндіріс орны: Екібастұз

6.6K views04:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 07:18:34
Осында өт
4.2K views04:18
Ашу / Түсініктеме
2021-04-27 16:28:43 @Kazaktarih тіркел.

РЕПОСТ ЖАСАП, САҚТАП ҚОЙ...

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы:

- Монғол империясының негізін қалаған Шынғыс хан қай кездері өмір сүрді?

1155-1227ж.

- Шыңғысханның бала кезіндегі аты:

Темүжін

- Моңғол хандығы құрылды?

1206 жылы

- Шыңғыс хан әскери феодалдық монғол мемлекетін құрды:

ХІІІ ғасырдың басында

- Монғол империясы бөлінді:

95 түмен әкімшілікке 

- Монғолия аумағы мен халқы бөлінді:

үш әскери әкімшілік аймаққа

- Монғол империясындағы әскери әкімшіліктері:

Оң қанаты (Барунгар), Сол қанаты (Жоңғар), Орталық қанаты (Кул)

- Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасындағы қарым-қатынас қай еңбекте айтылады:

«Моңғолдың құпия шежіресі»

- Монғол империясының негізін қалаған:

Шыңғыс хан

- Шыңғыс хан қай тайпадан шықты:

Бөржігін

- Шыңғыс хан қай ханның ордасында тәрбиеленді:

Керей ханы Торы ханның

- Шыңғыс ханның әкесі кім болды?

Есугей батыр

- Шыңғыс ханның әйелі кім?

Қоңырат руынан шыққан қыз

- Шыңғыс ханның өзін қорғайтын жасауыл қалай аталған:

«Кешіктен»

- Шыңғысхан мемлекетінің басты заңы:

«Жасақ» (екі бөлімнен тұрады)

- Шыңғысханның «Жасақ» заңының 1-ші бөлімінде қарастырылған:

Шыңғысханның өзі айтқан нақыл сөздері ,2-ші бөлімде әскери, азаматтық істер

- Шыңғыс хан тұсындағы Монғол империясының астанасы:

Қарақорым

- Монғол армиясында әскери техника қашан пайда болды?

Қытай жерін басып алған соң

- Шыңғыс ханның жаулап алу қарсаңында Орта Азия мен Оңт.Қаз-дағы күшті мемлекеттердің бірі

Хорезмшахтар мемелекеті

- 1207-1208 ж. Енисей қырғыздары мен Сібір халқын басып алған Шыңғыс хан баласы

Жошы

- Шыңғыс хан Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын бағындырды:

1207-1208 жылдар

- 1207-1209 жылдары Шыңғысхан бағындырды:

Таңғұт, Тұрфан, Ұйғырларды

- Шыңғысхан алғаш бағындырған түркі тілдес халықтар:

Найман, Керей

- 1211-1215 жылы Шыңғыс хан Қытайға жорығында қолға түсірді:

Соғыс техникасын

- Қазақстанға басып кіргенге дейін Шыңғысхан қандай мемлекеттерді бағындырды?

Оңт.Сібір хандығын,Якуттарды,Бурядтарды,Солт.Қытайды 

- Шыңғыс хан 1217 жылы Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға аттандырды:

Жебе ноянды

- «Отырар апаты» деген:

1218 жылы Шыңғыс хан жіберген саудагерлердің өлтірілуі

- Монғол әскерлері Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Олардың әскер саны қанша болды?

150мың

- 1219 жылы Шағатай мен Үгедей қоршауға алған қала:

Отырар

- Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды басып алуға аттанған монғол әскерінің басшысы:

Жошы

- Шыңғыс хан әскеріне 15 күндей берілмеген қала:

Ашнас

- Сығанақ қаласы қанша ай жауға қарсылық көрсетті:

үш ай

- Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне өткен уақыты:

1219-1220 ж.

- Жуас қала атанған:

Баласағұн

- Монғолдар Орта Азияны жаулауды қашан аяқтады?

1224ж

- Қайыр ханның Монғолдардан жеңілуінің себебі:

Өз жақтастарының сатқындығы

- Монғолдар қай қаланың халқын түгелдей жойып жіберді?

Отырар

- Шыңғыс хан Орта Азия мен Қазақстанды неше жылда жаулап алды?

5жылда

- Монғол шапқыншылығына дейін 200-дей қала болса,шапқыншылықтан кейін қалғаны?

20-дай

- Шыңғыс хан Жетісудағы түркі халқын өзіне тарту үшін:

Діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды

- Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген. Ұлкен ұлы Жошыға тиісті ұлыс қай жерлерді қамтыды:

Ертіс өзенінің батысынан Еуропаға дейін (Алтайдан-Дунайға дейін)

- Жошы ұлысының орталығы:

Ертіс бойында (орт. кей деректе Ертіс,кей деректе Сарысу мен Кеңгір өзендерінің құйылысында делінеді)

- Шағатай ұлысының алып жатқан жері:

Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан

- Оңт.және Оңт.шығыс Қазақстан кімнің ұлысына кірді?

Шағатай ұлысы ( орт. Алмалық, жазғы ордасы Іле өзені бойындағы Құяш деген жерде)

- Монғол шапқыншылығынан кейін Шығыс Түркістан жерлері қарады:

Шағатай ұлысына

- Үгедей ұлысы:

Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғ. ағысы (орт.Қарақорым)

- Ұлы хан атағын алған Үгедей тұрған қала:

Қарақорым

- Төле ұлысы:

Монғолия жері

- Шыңғысхан қайтыс болды:

1227 жылы
8.6K views13:28
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 14:13:11 Барлықтарыңа сәлем? Бізде сұрақ туындап тұр викторинаны қайта бастаймыз ба, әлде керек емес па? Астына жазып кетейік !
5.8K views11:13
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 09:25:54 30-СҰРАҚ +++ 30-ЖАУАП
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ҰБТ-да келу ықтималдылығы жоғары сұрақтар.
@Kazaktarih тіркел.


РЕПОСТ ЖАСАП, САҚТАП ҚОЙ...
1. Абыз асатаяғының бөліктері табылған ескерткіш:

+++ Аралтөбе +++

2. XVIII ғасырдың терең ойлы мол өсиет қалдырған Көмекей әулие атанған жырау:

+++ Бұқар жырау +++

3. Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтерілістің көрнекті басшысы:

+++ Исатай Тайманұлы +++
4. Метрополия сөзінің мағынасы:

+++ Отарлары бар мемлекет +++

5. 1967 жылы Қазақстанда жаңаша жұмыс істей бастаған кәсіпорындар саны:

+++ 193 +++

6. XІX ғ. І - жартысында Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге арналған экспедицияға кім қатысты?

+++ Г.С.Карелин +++

7. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы:

+++ Оңтүстік Қазақстан +++

8. 1960 жылдардың ІІ жартысында салынған зауыт:

+++ Ертіс химия-металлургия зауыты +++

9. КСРО-да «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы» бесжылдық жоспар қай жылы наурыз айында қабылданды?

+++ 1946 ж +++

10. Ғұндардың астық сақтайтын ұралары табылған жерлер:

+++ үй-жайлардың іші +++

11. Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған кесене:

+++ Көккесене +++

12. "Орыс-қытай сауда байланыстарының құлдырау кезеңі:

+++ ХІХ ғ. 60 жылдары +++

13. Алғашқы қауымдық егіншілікке алып келген жағдай:

+++ Терімшіліктің дамуы +++

14. Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы:

+++ Құдіретті еркектер +++

15. Савроматтар жөнінде жазып кеткен Рим тарихшысы:

+++ Диодор +++

16. А.Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс:

+++ Шыңғыс болысы +++

17. А.В Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді:

+++ 1932ж +++

18. Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан:

+++ Тоғылық Темір хан +++

19. Қазақтың инженер-геологы, белгілі ғалымы:

+++ Қ.Сәтбаев +++

ҰБТ сұрақтары осы топта: @Kazaktarih
20. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:

+++ 100 мың +++

21. 1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі қабылдаған шешім:

+++ Қазақстан Компартиясын тарату +++

22. XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі:

+++ Ескендір +++

23. XXғ. 20-шы жж. әйелдер мәселесіне байланысты кеңес өкіметінің шаралары:

+++ Қалың малды алып тастау +++

24. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне өткен уақыты:

+++ 1219-1220 ж +++

25. 1937 ж. Қаз.КСР-нің Конституциясы бойынша Қазақ КСР-ң саяси негізі:

+++ Еңбекшілер депутаттарының Кеңесі +++

26. 1919-1920 жж. Казревком Қазақстанда қандай билікті қолға алды?

+++ Әскери-азаматтық билікті +++

27. "Тотемизм" дегеніміз:

+++ Шығу тегін жануарлармен байланыстыру +++

28. 1838 жылы мамырда Кенесары сарбаздары:

+++ Ақмола бекінісін өртеп жіберді +++

29. Орталық комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауға белгіледі:

+++ 1932 жылдың көктеміне қарай +++

30. 1965 жылғы шаруашылық реформасының нәтижесінде:

+++ Кәсіпорындардың шаруашылық дербестігі ұлғайды +++
6.7K viewsedited  06:25
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 07:50:18 30-СҰРАҚ +++ 30-ЖАУАП
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ҰБТ-да келу ықтималдылығы жоғары сұрақтар.
@Kazaktarih тіркел.

РЕПОСТ ЖАСАП, САҚТАП ҚОЙ...

1. «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрген жыл:

+++ 1913 жыл +++

2. Компартияның XV съезі жариялаған бағыт:

+++ Ұжымдастыру +++

3. 1989 жылы қыркүйекте Қазақ КСР-інде қабылданған заң:

+++ Тілдер туралы заңы +++

4. «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған уақыт:

+++ 2004 жыл +++

5. Ғұндардың әйгілі патшасы Еділ (Аттила) туралы еңбектер жазылып келеді:

+++ 6 ғасырдан бастап +++

6. «Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» («Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат») еңбегінің авторы:

+++ П.С.Паллас +++

7. 1837 жылы қарашада Исатай әскерімен жазалаушы отрядтар арасындағы шайқас:

+++ Тастөбе шайқасы +++

8. Түркістан автономиясының өмір сүрген уақыты:

+++ 1917 ж қараша 1918 ж ақпан +++

9. Сталинград түбінде өшпес ерлік көрсеткен минометші, Кеңес Одағының Батыры:

+++ Қарсыбай Сыпатаев +++

10. 1961 жылы жазылып Одаққа танымал болған О.Сүлейменовтың шығармасы:

+++ Аз и Я +++

11. Ерте орта ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңірінде халықаралық сауданың дамуына ықпал етті:

+++ Ұлы Жібек жолы +++

12. Есім хан кезінде хандық билік жүзеге асырылған екі қала:

+++ Түркістан мен Ташкент +++

13. XVIII ғ. 70 жылдары Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары белсене қатысқан көтіріліс:

+++ Е.Пугачев көтерілісі +++

14. 1841-1889 жылдары өмір сүрген белгілі қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері:

+++ Ыбырай Алтынсарин +++

15. 1920 жылы Қазақ АКСР құрылтай съезі сайлаған жоғарғы өкімет органдары:

+++ Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі +++

16. ҰОС болған жылдар:

+++ 1941-1945 жж +++

17. Ежелгі қаңлылардың Қауыншы мәдениетіндегі жерлеу дәстүрінің ерекшелігін:

+++ Киімімен жерлеу +++

18. Ортағасырларда жалайырлар туралы мәлімет берілген дерек көзі:

+++ Монғол шежірелері +++

19. Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыстың Мәскеуді өртеген жылы:

+++ 1382 жыл +++

ҰБТ сұрақтары осы топта: @Kazaktarih
20. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібекті барынша қолдаған хан:

+++ Моғолстан ханы +++

21. XV-XVI ғасырлардағы Моғолстан, Қазақ хандығы жайында құнды тарихи, географиялық мәлімет беретін шығарма:

+++ Тарих – и – Рашиди +++

22. Кіші жүздің билеушісі Әбілқайырдың жеке дара билік құра бастауы:

+++ XVIII ғасырдың 20- жылдарынан бастап +++

23. 1847 жылы Қырғыз жеріндегі шайқаста Кенесарыдан бөлініп кеткен Ұлы жүздің сұлтаны:

+++ Рүстем +++

24. Ұлы жүздегі Таушүбек (Тойшыбек, Тайшүбек) бекінісін орыс әскерлері қантөгіссіз басып алған жыл:

+++ 1851 жыл +++

25. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес әскери-губернаторлар басқарды:

+++ Облысты +++

26. ХХ ғасырдың басында Успен кенішінде құрылған ұйым:

+++ Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы +++

27. 1941 жылы көшірілген «Мосфильм», «Ленфильм» студиялары жұмыс істеген қала:

+++ Алматы +++

28. Е.Бекмаханов ақталып шықты:

+++ 1954 жылы +++

29. Қазақстанда «мәдениет жылы» деп жарияланды:

+++ 2000 жыл +++

30. Энеолиттік Ботай тұрағының мерзімі:

+++ Б.з.б 3-2 мыңжылдықтар аралығы +++
6.2K viewsedited  04:50
Ашу / Түсініктеме
2021-04-24 14:26:39 Қазақстан тарихтан 7 сынып сұрақтар базасы 1бөлім
1.Қидандардың Х ғасырда батысқа қарай жылжыған бір бөлігінің атауы қарақытайлар
2.ХІІ ғасырда қазіргі Түркістан қаласында сопылық ілімнің насихатшысы болған ғұлама: А.Иассауи
3.Оғыздардың Жетісудан Сырдария бойына ығысуына ықпал еткен негізгі себеп:
Қарлұқ қағанатының құрылуы
4.VІІ ғасырда екіге бөлінген мемлекетТүрік
5.ХІ ғасырда қимақтар туралы жазған парсы тарихшысыГардизи
6.Қимақтар VІІ ғасырдың басында мекендедіМоңғолияның солтүстік батысын
7.Қалан салығының мағынасы:жер көлеміне байланысты егіншілерге салынатын салық
8.Қимақ мемлекетінің астаналарыИмақия,Карантия
9.Орта ғасырларда қыш құмыра жасайтын шеберханасы болған қала:Отырар
10.«Құдатғу білік» еңбегі жазылған уақыт:ХІ ғ.
11.ХV ғасырдың ІІ жартысында Қазақ хандығы,Шайбани хан,Темір ұрпақтары,Моғолстан билеушілерінің арасында талас-тартыстың негізі:Сыр бойындағы қалалар
12.Орта ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүрген мемлекеттер:
Ақ Орда,Әбілқайыр хандығы
13.Түргеш қағандығының тәуелсіздігі үшін үш жақты күрес жүргізген қаған::Сұлу
14. ХVІ ғасырдың орта шенінде Өтеміс қажының жазған шығармасы:
« Шыңғыснама»
15.Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық Көшпелі өзбек мемлекеті
16.Орта ғасырларда Жетісу жеріндегі қалаҚойлық
17. Қазақ хандығын басқарған Шығай ханның ұлдары:Тәуекел мен Есім хандар
18.Алтын Орда күшейіп гүлденді:Өзбек ханның кезінде
19.Көшпелілер түнгі жол бағытын қалай анықтаған ?Жұлдыздарға қарап
20. Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты. Жергілікті түркі тілдес ру-тайпалардан құрылған патриархалдық -феодалдық мемлекет болды. Алтын Ордаға қарағанда бұл хандықтың этникалық негізі бірыңғай еді. Оны құраған халық сол өңірде ежелден тұрып келе жатқан қыпшақтар, қоңырат, арғын, алшын, каңлы, керей, үйсін, найман т. б. тайпалар болатын. Хандық қазақ халқының қалыптасып, мемлекетінің құрылуында зор тарихи рөл атқарды.
Мәтінде сипатталған ортағасырлық мемлекетті анықтаңыз
Ақ Орда
2нұсқа
1.Есім ханның билік құрған жылдары 1598-1628 жж.
2.Алтын Орда күшейіп гүлденді:Өзбек ханның кезінде
3. «Қатаған қырғыны» уақиғасы болған уақыты:1627 ж.
4. «Ақиқат сыйы» еңбегінің авторыА) Ахмет Иүгнеки
5.Қарлұқтардың билік құрған уақыты
А) Екі жүз жылға жуық
6.Шығыс Түрік қағанатының билеушілері Білге мен Күлтегін тиімді шартқа қол жеткізген мемлекет:Қытай
7.Орда Ежен ұрпағы Ұрыс хан билеген мемлекет:Ақ Орда
Е) Моғолстан
8.Мемлекеттерді хронологиялық реті бойынша орналастырыңыз
1. Қарахан 2.Түрік 3. Шығыс Түрік 4.Қарақытай 5.Түргеш қағанаты
В) 2.3.5.1.4
9.Көне түркілердің ежелгі жазбалары:
«Орхон- Енисей» жазба ескерткіштері
10.Дамыған орта ғасырларда пайда болған мемлекет:Қарахан мемлекеті
11. Қазақ хандығын 1582-1598 жылдары басқарған ханТәуекел
12. Қазақтар түнгі жүру бағытын бағдарлауға пайдаланылған аспан картасы:Жетіқарақшы
13.Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан ортағасырлық қала:Түркістан
14.Тоқтамыс Темір- Мәлікті жеңіп Сығанақты басып алды:1379 жылы
15.Шу өзенінің бойында орналасқан Батыс Түрік қағанатының астанасы) Суяб
16.Қожа Ахмет насихаттаған ілім сопылық
17.1530-1605 жылдары өмір сүрген белгілі жылнамашы:Қадырғали Қосымұлы Жалаири
18.1212 жылы Қарахан мемлекетін құлатқан елдер:
Найман, Хорезм
20. Әкесі өлгеннен кейін аға-інілерінің арасындағы билікке таласу кезінде жараланып, қашып құтылады. Ол Маңғыстау түрікмендерінің арасында, одан кейін қазақ хандары Есім мен Тұрсын хандардың қолдарында екі жылдай тұрған. Есім хан Тұрсын ханды жазалаған кезде Орта Азияға кетеді. Қайтадан ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылады. 1638 жылы қашып шығып, Арал өңіріндегі қазақтардың арасына барады. 1643 жылы Арал өңірінің қазақтары оны өздерінің ханы деп жариялайды. Ол қазақтардың көмегімен Хиуаға бірнеше рет шабуыл жасап, 1645 жылы билікті тартып алады. 1663 жылы билікті ұлы Ануш-Мұхаммедке беріп, өз еңбектерін жазуға кіріскен. Алайда «Түрік шежіресін» бітіре алмай 1664 жылы қаза болады. Ал шежірені баласы 1665 жылы аяқтап шыққан.
6.4K views11:26
Ашу / Түсініктеме
2021-04-23 12:45:50 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

@Kazaktarih тіркел

⃣ Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар:
Ленинград шайқасы (1941 шілденің 10-ы — 1944 тамыздың 9-ы)
Мәскеу түбіндегі шайқас (1941 қыркүйектің 30-ы — 1942 сәуірдің 20-сы)
Сталинград шайқасы (1942 шілденің 17-сі — 1943 ақпанның 2-сі)
Курск шайқасы (1943 жылғы шілденің 5-сі — тамыздың 23-і):
Берлин шайқасы (1945 жылғы сәуірдің 16-сы — мамырдың 8-і)

⃣ Кеңес Одағының екі мәрте батырлары

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5 тамызда Сарыарқаның даласында, Ақмола облысының Майбалық ауылында туған. 1942 жылы майданға аттанады. Көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленген

Беда Леонид Игнатьевич - авиация генерал-лейтенант (1972)
Туылған жері: Қостанай облысы Ұзынқол ауданы Новопокровка с. 16. 8.1920- 26.12.1976жж
Майданға аттанды: 1942 жылдың тамыз айында
Әуе шабуылы: 1944 жылдың сәуіріне дейін 109 рет
Батыр атағын алды: бірінші 26.10.1944 жылы екінші рет 29.6.1945ж.

Павлов Иван Фомич- қазақстандық ұшқыш, майор (1948)
Туылған жері: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы 25.6. 1922 - 12.10.1950жж.
Майданға аттанды: 1942 жылы желтоқсан айында
Әуе шабуылы: 200-ден аса
Батыр атағын алды: бірінші 04.02.1944 жылы екінші рет 23.02.1945ж.

Луганский Сергей Данилович- қазақстандық ұшқыш
Туылған жері: Алматы қаласы - 1.10.1918-1977жж.
Әуе шабуылы: 390 рет, жаудың 37 ұшағын атып түсірді
Батыр атағын алды: бірінші 02.09. 1943 жылы екінші рет 01.07.1944ж.

Қазақстандық Пртизандар
Украина және Белоруссияда - 3000-дай
Смоленск жерінде - 270-тен астам
Ленинград облысында 220-дан астам
шетелдердегі қарсыласу кезінде 300-дей

Олардың ішінде ерекше көзге түсті.
►Қ.Қайсенов,
►Ж.Ағаділов,
►Е.Воробьева,
►Б.Жангелдин,
►П.Семенова,
►Н.В.Зебницкий,
►Ф.Ф.Озмитель,
►Д.Әбдірайымов,
►Г.Ахмедьяров,
►Ә.Шәріпов,
►У.Оразбаев,
►В.И.Шаруда,
►Ж.Саин,
►Ж.Нәметов,
►Т.Жұмабаева,
►Ж.Савельев,
►Ж.Сұраншиев,
►Н.Байсейітова,
►Г.Омаров,
►З.У.Хұсанов,

Шаруда партизандық отрядтар мен құрамаларды басқарды
Ахмедьяров,
Н.А.Морозов,
С.Төлешов,.

Партизандар командирлері
А.С.Егоровқа, Зебницкийге және Озмительге Кеңес Одағының Батыры,
Қайсеновке ҚР-ның «Халық қаһарманы» (1995) атақтары берілді.

Қарсыласу қозғалысы бірнеше кезеңнен тұрады.
1. 1939 ж. қыркүйек – 1941 ж. маусым – күш жинау кезеңі болып, фашизмге қарсы ұйымдар құрыла бастады. Партизан топтары (Польша, Югославия), саяси манифестация, диверсиялар (Чехословакия, Франция, Қытай) ұйымдастырылды.

2. 1941 ж. маусым – 1942 ж. қараша – неміс фашистерінің Мәскеу түбінде жеңілуіне байланысты қарсыласу қозғалысы жалпы ұлттық сипат алды.

3. 1942 ж. қараша – 1943 ж. соңы – Кеңес әскерлерінің Сталинград және Курск шайқастарында жеңіске жетуіне байланысты Грекия, Албания, Югославия, Қытай, Италия, Вьетнам, т.б. елдерде ұлт-азаттық армиялары құрылып, кейбір аймақтар азат етіле бастады.

4. 1944 – 1945 ж. қыркүйек – Германия мен Жапония талқандалып, Батыс Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері фашизмнен азат етілді.
6.5K views09:45
Ашу / Түсініктеме