Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалық Бүгінгі Хабар

Telegram арнасының логотипі kazakhstan_khabar — Жаңалық Бүгінгі Хабар Ж
Telegram арнасының логотипі kazakhstan_khabar — Жаңалық Бүгінгі Хабар
Арна мекенжайы: @kazakhstan_khabar
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 33
Арнадан сипаттама

БҮГІНГІ ХАБАР. 💬
Қазақстан Жаңалықтарымен Әлем жаңалықтары. 🌏

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2020-12-09 06:12:42 Neonomad.kz: FlyArystan билеттерін 2 999 теңгеден сатып жатыр

Қазақстандық лоукостер FlyArystan барлық бағыттағы билеттерінің 2 999 теңгеден сатылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Билетті арнайы бағамен FlyArystan мобильді қосымшасының қолданушылары сатып ала алады. Аталған қосымшаны IOS (AppStore) және Android (Google Play) базаларынан жүктеуге болады.

Сондай-ақ, бұл бағамен 2020 жылдың 8-10 желтоқсанында сатып алуға болады. Ал ұшу 2021 жылдың 12 қаңтар және 4 наурыз айларында жүзеге асады.

Науқан бойынша берілетін орын саны шектеулі. Билет құнына ұшу және 5 кг жүк алып жүруге болады.
144 views03:12
Ашу / Түсініктеме
2020-12-01 12:00:05 Нұрсұлтан Назарбаев елордада салынып жатқан "Әбу-Даби Плаза" көпфункционалды мұнарасын "Қазақстан" деп атайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы Тұңғыш Президент "Түркістан: көне мен келешек көпірі" фильмінде айтты
157 views09:00
Ашу / Түсініктеме
2020-08-05 16:54:28 Stan.kz: Қазақстанда бір тәулікте пневмонияның 1799 жағдайы және 17 өлім тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 5 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан ауырғандар саны - 8 054, 86 өлім жағдайы тіркелді", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады.

Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.
474 views13:54
Ашу / Түсініктеме
2020-08-05 16:53:50 Baq.kz: Қазақстан соңғы 5 жылда интернетке қолжетімділік бойынша жақсы серпін жасады

Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук "Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту" онлайн брифингінде айтты.

"Орталық Азия елдері интернетке қолжетімділік бойынша айтарлықтай артта қалып отыр. Қазақстанда бұл сала бойынша ОА-ның өзге елдерімен салыстырғанда жағдай жақсы. Қазақстан соңғы 5 жылда интернетке қолжетімділік бойынша жақсы серпін жасады. Интернетке деген қолжетімділік 2014 жылғы 64 пайыздан 2019 жылы 84 пайызға артты. Ауылдық жерлердегі жағдайды алатын болсақ, ондағы халықтың 50 пайызы әлі де интернетке қол жеткізе алмай отыр", - деді ол.

Лилия Бурунчук айтып өткендей, нормативтік базаны қайта қарап, бәсекеге қабілетті нарық құру өте маңызды.

" Жеке сектор интернетке қолжетімділікті жақсарту саласына қатысу үшін жағдай жасау керек", - деді ол.

Ал Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша адами капитал жөніндегі бағдарламаларының жетекшісі Сусанна Айрапетян болашақ цифрлық технологияларға қарап отырғанын айтты.

" Пандемияның оң әсерін алатын болсақ, ол онлайн көрсетілетін қыызметтердің жедел енгізілуін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету саласындағы технологиялардың дереу енгізілуіне жол ашады", - деді Сусанна Айрапетян.
374 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2020-08-05 16:53:05 Nur.kz: 42 500 теңге жәрдемақы алу тәртібі өзгерді

Қазақстанда 42 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу тәртібі өзгерді - тиісті бұйрыққа 2 тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы қол қойды.

Осылайша, бұйрыққа сәйкес, қазақстандықтар тамыз айында екі апта карантин үшін 21 2250 алады - қайта өтініш берудің қажеті жоқ, төлем автоматты түрде тағайындалады.

Дегенмен, белгілі жаңалықтар да бар.

Құжатқа сәйкес, енді ақпараттық жүйе жеңілдіктерге құқығы жоқ азаматтардың осы санаттарынан түскен өтініштерді автоматты түрде қабылдамайды. Мәселен, карантиннің күшеюіне байланысты төлемді студенттер мен декреттегі аналар ала алмайды.

Сонымен қатар, ақысыз демалысқа жіберілген қазақстандықтардың өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды - олардың деректерін жұмыс берушілер енгізуі керек.

Өтінішті тек жұмыс беруші қайтыс болған жағдайда ғана тапсыру керек. Өлім фактісін құжатпен дәлелдеудің қажеті жоқ - барлық мәліметтер ақпараттық жүйелерге енгізілген. Егер сіз бұрын жұмыс берушінің қайтыс болуына байланысты өзіңіз өтінім беріп, төлем ала алмасаңыз, шешімнің қайта қаралуына өтініш тастай аласыз - мұндай өтініштер ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.

https://kaz.nur.kz/1868075-kazakstanda-42-500-tege-zrdemaky-alu-trtibi-zgerdi.html
294 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2020-08-05 16:52:13 Tengrinews.kz: Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб Бейрут портындағы жарылыстың себебін айтты

Оның айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған.

"Осы жағдайларға кінәлі жауапты адамды таппағанша және оған ең ауыр жазаны бермегенше тынышталмаймын. Себебі 2750 тонна аммиак селитрасының партиясы 6 жыл бойы азаматтарға қауіп төндіріп, дұрыс сақталмауына жол беру мүмкін емес", - деді премьер.

Сондай-ақ Дияб арнайы комиссия құрып, 48 сағат ішінде жарылыстың себебі мен кінәлілерді анықтауды ұсынды.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, аммиак селитрасының жарылысы ұрылардың жолын кесу үшін тесік жерді жабу мақсатында балқыту жұмыстары жүріп жатқанда болған.
229 views13:52
Ашу / Түсініктеме
2020-08-05 16:50:47 ​​Tengrinews.kz: Алматыда қосымша 360 «Сергек» камерасы орнатылады

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты.

«Бүгінде қаладағы жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Жол қауіпсіздігі» және «Сергек» сынды ақпараттық жүйелер пайдаланылып жатыр. Олардың санын тағы 362-ге арттыруды жоспарлап отырмыз. Олар қаладағы жол апаты жиі болатын, жол жүру ережесі жиі бұзылатын орындарда орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді», – дейді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, Алматы қаласының полиция департаментіндегілер 6 айда бейне-бақылау камеларының көмегімен 3392 қылмыс ашылғанын атап өтті.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-kosyimsha-360-sergek-kamerasyi-ornatyiladyi-311442/amp/
218 views13:50
Ашу / Түсініктеме
2020-07-29 20:11:20 Stan.kz: Құрбан айт күндері құрбандыққа шалынған етті мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Бұл туралы Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында айтты.

“Шектелген карантиндік шараларға байланысты мешіттерде құрбандық шалу және құрбандық етін тарату болмайды.

Құрбандыққа шалынатын ет алуға жүгінетіндердің барлығы мешіттерге өздері келмеуі керек.

Құрбандық етін тарату арнайы құрылған штаб арқылы жүзеге асырылады және мұқтаж үйлерге жеткізіледі”, – деді Данияр Жұмабаев.

Құрбан айт күндері Алматының сыртына посттар қойылады

Имам карантин талабын орындау үшін мерекелік Айт намазы Алматыдағы мешіттерде де өткізілмейтінін атап өтті. Биыл күн шыққан соң бір сағаттан кейін құрбандық шалу басталатын болады.

Еске салайық, құрбан шалу рәсімі мен мұқтаж, аз қамтамасыз етілген азаматтардың ет алуға арналған өтінішінен бас тарту туралы өтініш Qurban2020.kz сайтында 24-30 шілде аралығында қабылданады. Құрбандыққа шалынған етті тарату 2 және 3 тамызда өтеді.
233 views17:11
Ашу / Түсініктеме
2020-07-29 20:10:25 Tengrinews.kz: Алматылықтардың көп жиналатын жері смартфон арқылы қадағаланады

Алматыда мобильді қосымшалар арқылы адамдардың жиналуын тексеріп отырады. Бұл туралы онлайн-брифингте цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев жеткізді

Алматыда мамырдан бері қаланы пандемия кезінде анализ жасап отыратын жоба іске қосылған. Соның көмегімен адамдардың көп жиналатын жерін қадағалауға болады. Жүйе ведомствоаралық комиссияның штабында жұмыс істейді, ол коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жедел шешімдер қабылдауға көмектеседі.

“Жүйедегі деректер әр сағат сайын жаңартылады. Бұл қала бойынша өзін-өзі оқшаулау индексін тіркеуге және адамдар ең көп жиналатын орындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйеде ұялы операторлар ұсынған жеке деректер жоқ, бәрі статистикаформаты бойынша. Біз қолданушының аты-жөнін, ЖСН, тіпті телефон нөмірін білмейміз. Біздің көретініміз адамдардың қала ішіндегі базалық станциялар бойынша жүріп-тұруы ғана”, – дейді Баян Қоңырбаев.

https://kaz.tengrinews.kz/gadgets/almatyilyiktardyin-kop-jinalatyin-jer-smartfon-arkyilyi-311200/amp/
185 views17:10
Ашу / Түсініктеме
2020-07-29 20:09:19 ​​Tengrinews.kz: Екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидрометке»

30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 метр секундке жетеді.

30 шілдеде Өскеменде, Семейде найзағай соғып, желдің екпіні 18 метр секундке күшейеді.

30 шілдеде Маңғыстау облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ақтауда түнде найзағай соғады. 90-95 пайызға дауыл соғады деп болжанып отыр.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ek-oblyista-aua-rayyinyin-kolaysyizdyigyina-baylanyistyi-311213/amp/
158 views17:09
Ашу / Түсініктеме