Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ТІЛІН БІЛМЕСЕ ДЕ, 'ХАЛЫҚ' ПАРТИЯСЫ ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАЛАЙ Ж | Карабас-Барабас

ХАЛЫҚ ТІЛІН БІЛМЕСЕ ДЕ, "ХАЛЫҚ" ПАРТИЯСЫ ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАЛАЙ ЖҮР?- партиялар дебаты

Кеше кешке 30 желтоқсанда өткен "Хабар" арнасында өткен саяси партиялардың парламент сайлауына байланысты сөз сайысы көп нәрсеге көз жеткізді.

Жаңа жылдың соңғы күндері өткен бұл саяси пікірсайысқа партия басшылары қатысты. Атап айтқанда, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, "Ақ жол" демократиялық партиясы төрағасы Азат Перуашев, "Ауыл" партиясы төрағасы Әли Бектаев, Қазақстанның Халық партиясы төрағасы Айкын Конуров, "Адал" партиясы саяси кеңесі мүшесі Эльдар Жұмағазиев қатысты.

Партиялар алдымен өздерінің экономикалық саясатын қысқаша 1,5 минутта айтып өтті. Олардың ішінде бізге ұнағаны "Ақ жолдың" ұстанымы болды.

«Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барлық несиелерді 6 пайызға қайта қаржыландыру қажеттілігі туралы мәлімдеді.
Перуашев сонымен қатар, салық амнистиясын өткізудің және Қосымша құн салығын төмендетудің маңыздылығын атап өтті. Жер қойнауын пайдаланумен айналысатын шетелдік компанияларға қойылатын талаптарды күшейтуді ұсынды.
"Қазақстандай бай елде кедейлер болмауы керек"-деген Азат Перуашев:
-Ең төменгі зейнетақы 70-80 мың теңге көлемінде болуы керек. Баспаналар әділ бөлінуі тиіс. Әділдікті талап еткен "Ақ жол" партиясы:
-2012 жылы СК-Фармациядағы жемқорлықты жоюды талап етіп Бас прокурорға дейін сауал жолдады;
-2013 жылы Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкіндегі үйлерді банк қызметкерлері бөліп алған заңсыздықты анықтап, депутаттық сауал жасап, банк басшылары түгел орындарынан босады;
-2017 жылы Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан халықтың зейнетақысынан 250 миллион доллардың Әзірбайжанның банкрот болған банкіне несие берілгенін әшкереледі.

Пікірсайыс жалпы бұрынғыларға қарағанда қызу өтті. Қақтығыстар болмай қалған жоқ.

Нұротандық Бауыржан Байбек пен "ауылдық" Әли Бектаев "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевқа қарсы сұрақ қоямыз деп қарымта соққыға тап болды...

Кезінде бокстан халықаралық чемпионат жүлдегері болған Азат Тұрлыбекұлының сөзсайыста да "барымтаға қарымта" жауапты жедел беруді бокстағыдай жақсы меңгергені айқын көрініп тұр...

-Дамыған елдер экономикасында шағын бизнестің үлесі 60-70 пайыз, ал бізде әлі 30 пайыздан асқан жоқ. Бизнес партиясы аталатын "Ақ жол" сайлауда тағы уәделер беруде?-деген Әли Бектаевтың сұрағына Азат Перуашев "Ақ жолдың" 8 жылдан бері парламентте қанша заңға өзгеріс ұсынғанын, оның қаншасы орындалғанын, соның арқасында шағын бизнес үшін қаншама жеңілдіктер жасалғанын санап берді. ""Ақ жол" түрлі заң жобаларына 7 мыңнан астам толықтырулар мен өзгерістер ұсынды. Үкіметке 426 сауал жолдады. Мысалы, Мәжілістің 5-ші шақырылымында "Ақ жолдың" әр депутаты орта есеппен 35 сауалдан жасаса, "Нұр Отан" партиясы депуттаттары 6 есе аз - 6 сауалдан ғана жасады. "Ақ жолдың" талабы бойынша 2012 жылы заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасын парламенттен қайтарды. 2017 жылы 10 жылдық күрес нәтижесінде Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік туралы бапты алғызып тастадық. Қаншама кәсіпкерлер түрмелерден босап шығып, қазір өнімді еңбек етуде. 2018 жылы 5 жылдық күрестен соң салықтық тексеріс мерзімін 5 жылдан 3 жылға түсірттік,"-деп нақты нәтижелі істерімен жауап берді.

Азекең мұнымен тоқталған жоқ: "Шағын бизнеске ауылдағы шаруа қожалықтары да, диқандар мен фермерлер де жатады. Бірақ "Ауыл" партиясының төрағасы қанша жылдан бері парламентте отырса да, ауылдағы шағын бизнеске көмектеспей не істеп, не бітіріп отырғаны елге де, маған да жұмбақ!"-деп, жауабын әдеттегідей алапат апперкот соққымен аяқтады.

"Ауылға" сұрақ қою кезегі келгенде Азат Перуашев: "Біз бәріміз, "Ақ жол" партиясы шетелдіктерге жер сатуға қарсымыз. Ал өткенде Ресей саясаткерлері жерімізге көз алартқанда бүкіл халық оларға қарсы дауыс көтергенде "Ауыл" партиясы неге үнсіз қалды? Барлық партиялардың ішінде тек "Ақ жол" партиясы ғана Ресей депутатының ісін қатаң айыптап, ресми мәлімдеме жасады.