Get Mystery Box with random crypto!

Азаттың көз қысқаны қалай кетті ә?)) Бүгін 2021 жылы 10 қаңта | Карабас-Барабас

Азаттың көз қысқаны қалай кетті ә?))

Бүгін 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін парламент сайлауының соңғы дебаты өтті.

Негізінен партия лидерлері қатысқан дебат жақсы өтті деп ойлаймын.

Негізі дебатқа қатысушы Азат Перуашев секілді жылдам, уақытты пайдаланып қалуға тырысатын адам болуы керек. Бұл тұрғыда Азат мүмкіндікті қалт жібермеді.

Айқын Қоңыровтың мемлекеттік тілді кәмөністерше қабылдайтыны байқалды. Қазақша сұраққа орысша жауап берді.

Әли Бектаев кәнігі, тісқаққан, байыпты адам ғой, өз ізінен жаңылмады. Ал Эльдардың айтар ойы, мына "кәрілермен" текетіресте барлық жағынан тықсыруға мүмкіндігі бар еді, оны пайдалана алмағандай болды.

Баукең жайлы әңгіме бөлек.

Дебат деген тартыс болуы керек деген ой санама сіңіп қалыпты. Қайдан келгенін кім білсін. Сондықтан мынадай «мәжбүрлікпен келген адам секілді» тұрған спикерлерді көріп ұйқым келді.

Өткен жолы «ауыл, ауыл» деп қақсап еді, осы жолы әлеуметтік мәселелерді қаузады.

Жалпы, осы жолғы партиялардың сайлауалды бағдарламасында бір-біріне өте ұқсас жағдайлар көп. Бесеуінен бір партия жасай салса ғой деп отырасың.

Ал Азат Перуашевтің көз қысқанын түсіне алмадым))))

https://www.facebook.com/100009046132021/posts/2653886171589561/?d=n