Get Mystery Box with random crypto!

Сонымен бірге Ресей Думасындағы 'Спрадливая Россия' партиясына | Карабас-Барабас

Сонымен бірге Ресей Думасындағы "Спрадливая Россия" партиясынан бастап барлық фракцияға сауал жіберді."-деп сұрақты төтесінен қойды.
Бұған Бектаевтың жауабы сенімсіз шықты. Сондықтан ол одан партия басшысы ретінде партияның ресми мәлімдемесін сұраса да, әлеуметтік желіні қуалап, партия мүшелері мен өзінің жеке парақшасына жазған (партия парақшасында да жоқ) постарына сүйеніп, "Сіздер бірінші мәлімдеме жасаған шығарсыздар, бірақ оны міндет етпеу керек" деп құрғақ ақыл айтып, сөз қуып кеткені ыңғайсыздау көрінді...

Ал нұротандық Байбектің: "Ақ жол" партиясы елімізбен шекаралас мемлекеттерге жер жалға берілмейді" дегені нені білдіреді? Сонда алыстағы немесе офшордағы мемлекеттер келіп жерді ала беруге бола ма?" -деп, "Ақ жолдың" ұстанымын бұрмалап қойған сұрағына: "Қазір жалған да, жартылай ақпаратпен елді шатастырудың заманы өткен! Сіз бағдарламамыздағы сөйлемдерден, контекстен бір сөзді жұлып алып отырсыз",-деп, қайтарып тастаған Азат Перуашев партия бағдарламасындағы тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай жазылған тұжырымды өзі оқып берді: " «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметтің жер комиссиясына – сепаратистік пиғылдарды болдырмау мақсатында жерді сатуды ғана емес, біздің елмен шектесіп жатқан мемлекеттердің азаматтарына және компанияларына жерді жалға беруге де тыйым салуды ұсынды"-деп, көзге шұқығандай оқып берді. Байбекке: "Сіздің бұл сұрағыңыз орынсыз!" деп, шегелеп тұрып нүктесін қойды.
Бұл жерде жер мәселесін көтеріп жүргендердің бірі, қоғам белсендісі Талғат Қатауовтың:
"2003 жылы қабылданған Жер кодексінде "Жер шетелдіктерге сатылады" деген бір сөз, бір бап онсызда жоқ. Неге партиялар "жер шетелдіктерге жалға берілмейді" деп айтпайды және айта алмайды? Өйткені, "Жер кодексінің 24-бабындағы "Жеріміз шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі" деген сөзді енгіздірген осы партиялар"-(2003 жылы парламентте тек "Нұр Отан" партиясы ғана болған) дегеніне "Ақ жол" партиясының ұстанымы айқын жауап бола алады.

"Адал" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев (партия төрағасы қайда жүргенін бір құдай білсін) өз партиясының экономикалық ұстанымдарын айтқанда "Ақ жол" партиясының көп тұжырымдарын қайта тыңдағандай болдық...
"Сандар тілінде сөйлеймін" деген "Адал" партиясы өкілі саннан шатасып кетті... Сайлау болатын 2021 жылды "табалдырығымыздан аттағалы тұрған 2025 жылы" деп соққанына қарағанда олардың бұл сайлаудан үміттері жоқ-ау деген ой келеді...

Азат Перуашевтың екінші сауалы да экс-коммунистерге оңай тимеді.
Ол Қазақстанның Халықтық партиясы төрағасы Айкын Конуровқа:
-2014 жылы Үкімет Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мүддесін ойлап, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңынан «қазақстандық тауар» және «қазақстандық өндіруші» ұғымдары алынып тасталды. «Ақ жол» фракциясының депутаттары ғана қарсы шығып, осы нормалардың сақталуы үшін 9 рет дауыс берді, қалған екі фракция 9 рет біздің ұстанымымызға қарсы дауыс берді, оның ішінде сіз өзіңіз қарсы дауыс бердіңіз. Осылай отандық кәсіпорындарды мемлекеттік сатып алулардан қорғауды алып тастадыңыздар!
Сіз неге халыққа басқаша айтып, ал парламентте керісінше дауыс бересіз?-деді.

Айкын Конуров Азекеңнің мынадай қақ маңдайдан соққан қатты соққысынан есеңгірегені сонша, "жамылған қой терісінен" айрылып қалды... Ол жауабында Отан, Ел, Тәуелсіз Мемлекет деген қасиетті ұғымдардан жұрдай екенін көрсетіп қойды! Оның екпіндеп тұрып, есіп айтқан сөздеріне қарасаң, оған Қазақ Елі мүддесінен гөрі Еуразиялық экономикалық одақ мүддесі артық екен...

Дебат аясында Бауыржан Байбек Қазақстан халықтық партиясының саяси бағдарламасында көптеген популистік уәделер бар деп мәлімдеді.
– Мен сіздің бағдарламаңызды қарадым, өте жалпылама, орындалмайтын популистік уәделер көп, – деді ол.
Қазақстан Халық партиясының төрағасы, экс коммунист Конуровтың, Бауыржан Байбектің мемлекеттік тілде қойған сауалына Ресей тілінде жауап бергені көңілге кірбің түсірді.
Жалпы, Конуров дебат барысында тек орысша сөйледі десе де болады. Кейбір екі-үш сөйлемді ғана қазақша қағаздан екілікпен оқитын оқушы сияқты ежелеп зорға оқып тұрды.