Get Mystery Box with random crypto!

Жазушы - كاتب

Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب Ж
Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب
Арна мекенжайы: @kaatib0
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.96K
Арнадан сипаттама

Бұл каналда өз ойларымен және кітаптан алынған және өмірден алынған жазбалармен бөлісемін.
Орысша контент: https://t.me/kaatib0rus
https://t.me/kaatib0

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 201

2021-05-24 09:07:40 Неке мәселесінде Әбу Ханифа бойжеткен қыздың тұрмысқа шығуы толығымен өз қалауынша болатынын және оның шешімін аға-інісі, тіпті, ата-анасы да бұзуға құқықтары жоқтарын көрсеткен.

Тұрмысқа шыққалы тұрған қыздың өз неке рәсіміне қатысуына болатындығы, некеде бір ер кісі және екі әйелдің куәлігі қабыл болатындығы және әкесі зорлықпен ұзатып жатқан қыз күйеуге шыққысы келмесе немесе жігітті ұнатпаса мұндай неке шариғатқа сай еместігін айтқан.

Имам Ағзам Әбу Ханифа
302 views., 06:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 19:49:22 Бірәз жазбалар салмаппын. Кейбірлері шығып кетіпті)

Бір сайтта сихр жайлы шығыпты түнде соны салып қалармын.
466 views., 16:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 10:51:53
225 views., 07:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 00:49:59 «Әйелдер әлсіз, қорғансыз етіп жаратылған. Үйде олардың қорғансыздығын білдірмеңдер. Әлсіздігін үнсіздікпен жеңе біліңіздер (дөрекілік көрсетпеңіздер)».

(Ибн Аббастан Дилми риуаят еткен).
366 views., 21:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 18:11:53 ЖАҚСЫ КЕЛІН ДЕГЕН КІМ?
(келін тарапынан атқарылуы тиіс кейбір амалдар)

Осының алдында, ене мен келін арасындағы
қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізер деген ниетпен ене тарапынан атқарылуы тиіс кейбір амалдарға тоқталған болатынмыз.

Тағыда соның жалғасы ретінде келіндер тарапынан да атқарылуы тиіс кейбір шараларды айта кетсек деймін

1. Негізі, күйеуінің жүрегін жаулағысы келген әйел енесінің де жүрегіне жол таба білуі керек.
Себебі, үйге келгенде орынсыз ызыңдамайтын, жағдайын жасап, қабағына қарайтын, ата-анасымен тату-тәтті тұратын әйелге ер адам күн сайын ғашық болады.
Сондықтан, күйеуін разы етуді көздеген әйел алдымен ниетін түзеп, енесіне ешқандай боямасыз, шынайы, көркем түрде қарым-қатынас жасауы керек.

2. «Енені зерттеу» дейтін әдіске аса ұқыптылықпен қарауы керек. Қай нәрсені қайда қойғанды ұнатпайды, қандай тамақты, қалай жасағанды жақсы көреді, киімге қатысты талғамы қандай, нені жақсы көреді, қандай дәрі ішеді, қаншада ұйықтайды, кімдермен қарым-қатынас жасағысы келеді? Осының бәрін жақсы білген келін енеге ұнамайтын әрекеттерді жасаудан тыйылады. Яғни бұл – екеуінің арасында келіспеушіліктер туып қалудың алдын алу деген сөз.

3. «Береке - үлкендермен болады» деген хадис бар. Енесі бар келін мен ене көрмеген келіннің айырмашылығы өте көп. Бұрынғылар, тіпті, «ене көрмеген өзі ене болып жарытпайды» деген. Сондықтан ененіңзді бағалауыңыз, сыйлауыңыз, құрметтеуіңіз, одан үйреніп қалуға, ене институтын үздік бағамен бітіріп шығуға тырысуыңыз керек.

4. «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, өйткені сыйлық арадағы махаббатты арттырады» делінген хадисте (Байһақи). Сондықтан дүкенге барсаңыз, өзіңізге бірдеңе алсаңыз, енеңізді есіңізден шығармай жүріңіз.

5. Келін үшін енеден артық ақылшы жоқ. Ол өз баласын бәрінен де жақсы біледі, әулет адамдарының хал-ахуалынан да хабардар. Бала күтімі мәселесінде де ене – ең жақсы ұстаз. Балаңызға таптырмайтын «бақташы» болады. Сондықтан онымен барлық істе ақылдасып отыруды әдетке айналдырыңыз. Тіпті, тамақ дайындау, киім, сыйлық сатып алу секілді ұсақ істерде пікірін сұрап тұрсаңыз, ұтасыз. Халқымыз бұл туралы «көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра» деген.

6. Иә, білеміз. Енелердің барлығы «періште» емес)) Жақсылығыңды түсінгісі келмейтін, мінезді адамдар да болады. Бірақ ол - сіз басыңызды жастыққа бірге қойған, сіз жақсы көретін адамды өмірге әкелген жан. Оны өсіріп, жеткізген аяулы ана, балаларыңыздың алтын әжесі, соны ұмытпауыңыз керек. «Біз біріңді біріңе сынақ еттік. Сабыр етесіңдер ме?» делінген «Фұрқан» сүресінің 20-аятында.

7. Қыз кезімізде анамыз бізге талай ұрысты ғой. Кейде тіпті, ашуланып салып қалса да, қыңқ етпедік. Бірақ, бір қызығы соған жеткен сабырымыз енемізге келгенде жетпей қалады. Өз анамызға ренжімейтін едік, өйткені оның бізді алаңдап, бізге жаны ашығаннан кейін айтатынын білетінбіз. Енеңіз де сондай емес пе? Иә, кейде жеткізу, үйрету методикасы дұрыс болмай, көңіліңізге қатты тиіп кетуі мүмкін, алайда, ененің де түпкі мақсаты сізді үйрету, пісіру, жақсы өмірге бейімдеу еді ғой?

8. Келін ешқашан ата-енесімен болған түсініспеушіліктерді өзінің туыстарына, жат адамдарға айтпауы керек. Жалпы, үйдегі әңгімені сыртқа айту ешкімге абырой әкелмейді. Келін – екі елдің арасындағы көпір. Оның сәл ағат кеткен әңгімесі құдалардың арасына кірбің салатынын ұмытпауыңыз керек.

9. Соңғы кеңес ер адамдарға қатысты. Негізі, келін мен енені жарастыруда ер кісінің де орны аса маңызды. Дінімізде екі адамның арасын жарастыру үшін өтірік айтуға рұқсат етіледі. Әйелінің кемшілігін жасырып, анасының абыройын асқақтатып екі ортада көркем мәміле ұйымдастыру – дана адамның ісі. Әйел – өзіне берілген аманат екенін, ата-анасының разылығы Алланың разылығына жеткізетіндігін сезінген еркек екі тарапқа да қолынан келген көркем қатынасты жасай алады. Осы ретте, отағасы әйел енесіне сыйлық жасай алуы үшін оған арнайы қаражат бөліп, қам-қарекетте болуы керек.

Міне, бұл - ене мен келін арасындағы қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізетін аздаған ақыл-кеңес.
418 views., 15:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 11:15:08
Біле жүріңіздер
112 views., 08:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 09:27:12 Адам баласының ең қадірлісі кім?
Иса пайғамбардан (Алланың оған сәлемі болсын): "Адамдардың ең қадірлісі кім" деген сауал сұралған екен.
Пайғамбар жерден екі уыс топырақ алып, сауал қойған жанға: "Мына екі уыс топырақтың қайсысы қадірлі?" деп сұрайды. Кейін екі уыс топырақты бір қолына жинап, жерге шашып жібереді. Артынша: "Адамдардың барлығы осы топырақтан (жаралған). Ал Алланың құзырындағы ең қадірлі кісі - тақуа кісі" деген екен.
Ешкімнің ешкімнен еш қандай артықшылығы жоқ. Тек тақуалықпен озуға болады. Тақуалықтан басқамен оздым деу бос әңгіме.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
177 views., 06:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 09:25:48 “Уа, Құдайым! Блогер бәйбішеден, тиктокер тоқалдан сақта!”

Сырым Эфэнді (заууажахуллаху бисаният)
162 views., 06:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 09:24:55
142 views., 06:24
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 09:24:15 Муж смотрит на жену, и скажет:

عيناك كبغداد جميلة ولو حزينة

твои глаза подобны Багдаду красивые даже если они печальные...

@muahh1d
161 views., 06:24
Ашу / Түсініктеме