Get Mystery Box with random crypto!

Жазушы - كاتب

Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب Ж
Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب
Арна мекенжайы: @kaatib0
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.96K
Арнадан сипаттама

Бұл каналда өз ойларымен және кітаптан алынған және өмірден алынған жазбалармен бөлісемін.
Орысша контент: https://t.me/kaatib0rus
https://t.me/kaatib0

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-07-18 15:48:57 Қолыңда бар нәрсеге шүкір етсең, қолыңдағы жоқ нәрсеге жетесің.
Аллаға сансыз шүкірлер болсын!
880 views12:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 01:35:20 Имам Әт-Тойиби (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады:
«Тақуалық – нығметтің бір жартысы, салихалы әйел екінші жартысы болудың мәнісі: салихалы әйелге үйлену шайтаннан қорған, жаман құмарлықтан тыйылу, нәпсі қасіретінен аман болу, көзді арамға қараудан және жыныс мүшесін ойнастықтан қорғау».
Салихалы әйел еріне төселіп тұрады. Бұл - өзара ақиқат сүйіспеншілік пен құрметтің нышаны. Сонымен қатар салихалы әйел, бірінші мәселеде өзгелерге емес, еріне ұнауға тырысады. Осы мақсатта ол сәнделсе де, әдемі киінсе де, тек ері үшін сәнделіп, әдеміленеді. Өйткені ол Алла Тағаланың разылығы күйеуінің разылығында екенін жақсы біледі. Мұндай әйел ерін калай қуантпасын?!
414 views22:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 01:33:12 «Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды»

Мүршид-ун-ниса
407 views22:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 01:30:45 Абу Масъуд аль-Бадри (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді: «Егер адам Алланың сауабынан үміттеніп өзінің жанұясына қаржы жұмсаса, онда ол оған садақа ретінде жазылады»

P/S қазіргі таңда тапқан табысын ставка, ішімдік, зинаға жұмсап жатқан ерлер жоқ емес.
Алла сақтасын
412 viewsedited  22:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 01:24:25 Бірде Абдлулла ибн Омар базарда жүргенде азан айтылады. Сол сәтте-ақ барлық саудагерлер заттарын жауып, мешітке қарай ағыла бастайды. Бұлардың ісіне тәнті болған ибн Омар:
«Бұлар жайлы Құранда «Сондай ер-жігіттер бар, олардың күн көріс көзіне айналған саудалары да, алу-сату істері де оларға Алланы ауызға алуына, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқуына және зекетті толық беруіне бөгет бола алмайды» деген аят бар»,- дейді. (Ибн Аби Хатим, Ибн Жәрир)
419 views22:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 13:54:42 Шейх Шаннар әл-Ханафи:
Әйел адам күнге қарсы көзілдірікті көзін қорғау үшін кисе ағаттық жоқ. Ал егер сұлулық, әдемілік үшін кисе, онда рұқсат емес.
652 views10:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 13:45:19 Егер сенен: "Сұлулықты қайдан табамын?" - деп сұраса.

Сен оларға: "Алладан ұялатын жүздерден" - (табасың) деп айт.

Жәләлуддин Әр-Румий

ويسألونك أين تجد الجمال؟

قل لهم في الوجوه التي تستحي من الله!

جلال الدين الرومي
623 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 08:52:21 “Ұйқым келмейді” әні халықтың деңгейін көрсетті негізі.))
594 views05:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 10:15:58 Жұма мұбарак болсын бауырлар!
Бір-біріміз үшін дұғада болайық.
Дұға еткендерге Алла разы болсын, дұға етпегендерді Алла кешірсін
702 views07:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 17:58:15 Алып ердің артында әйел тұрады дегенге тек әйелі емес шығар аа?!
Әйел дегені түп мағынасынан
“әйел адам”, анасыда, әйелдіңде қатысы болса керек.
Қалай ойлайсыздар?!

Ер адам - ана разылығымен жүрсе оның жолы ашық болады?!
Ал әйелге келер болсақ еріне қандай серік болады?!
Әйелдің пейілі, ниеті, ақылы, даналығы, Аллаға деген жақындығыны да байланысты болуымен еріне де әсері бар. Қазақта айтқандай:
“келіннің аяғынан, қойшының таяғынан” демекші тарихтан қарасақ мықты батыр, жауынгер сұлтан, хандардың артында не бәйбішесі не тоқалы тұрады. Кейбір тарихи деректе анасының тектілігі жайында да бар.
466 viewsedited  14:58
Ашу / Түсініктеме