Get Mystery Box with random crypto!

Жазушы - كاتب

Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب Ж
Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب
Арна мекенжайы: @kaatib0
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.96K
Арнадан сипаттама

Бұл каналда өз ойларымен және кітаптан алынған және өмірден алынған жазбалармен бөлісемін.
Орысша контент: https://t.me/kaatib0rus
https://t.me/kaatib0

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2022-07-20 08:40:36 ​قال رسول الله صلى
الله عليه وسلم: تخيروا لنطفكم فإن النساء يلدن أشباه إخوانهن وأخواتهن

Мұхаммад пайғамбар :
«Әйелдерді жақсы нәсіл үшін таңдаңдар! Өйткені әйелдер өздерінің аға-інілерi мен қарындастарына ұқсас перзент туады»
Ғалымдар айтады: «Еркек тек шәһуатін қандыру мақсатында емес, бәлкім нәсілін сақтап қалу, үй тіршілігін реттеу және мал-дүниенi молайту максатында үйленеді. Сондықтан әйелге ақыл, адамгершілік пен ерсіз қылықтан арлану тән болуы тиіс. Осы айтылған - сипаттардың асылы. Олай болса, саналық пен үй тіршілігін реттей білу ақылдылыққа, рақымдылық, жақсы сөз және еріне бойсұну - адамгершілікке,
ал бойын жауып жүру және жеңіл мінезділіктен сақтану ерсіз қылықтан арлануға жатады. Некелескеннен соң еркек жұбайын кемсітпеуі тиіс. Кемшіліктері болса, жасырып, оған тән ерекшеліктерін қанағатшылдықпен кабылдауы керек. Осы жағдай әйелі оған ынтамен бойсұнуына септігін тигізеді».
Хадисте баланың Нағашы жұртына ұқсауы жайында айтылған.
Қазақ: «Ер-азаматтың үш жұрты болады»,-дейді. Осылай айтудың жөні бар. Өйткені: нағашы жұртың сыншыл келеді. Жақсылығына сүйсініп, жамандығына күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілеп, қамқоршы болады. Баланың ер азамат болып жетілуі үшін ананың сіңіретін еңбегі орасан зор. Әрбір тұлғаның артында әйел тұрады. Сондықтан ел үшін туған азамат - асыл ана жемісі деуге әбден болады.
Қазақ: «Жігіттің жақсы болуы - нағашыдан, үйдің жақсы болуы - ағашынан»,-дейді. Осы мәселеге бір көз салсақ. Мәселен, Абай мен Шәкәрімнің үлкен нағашысы батыр, ауызы дуалы би, көк бөріні кие тұтқан Ер Жәнібек. Ал шежіре жөнімен таратса, Ер Жәнібектің үлкен нағашысы атақты Қаз дауысты Қазыбек би, өз нағашысы Сарыүйсін Досымбет (Досымбек) батыр.
Қажы Мұқанның туған нағашы атасы Лек палуан ағаштарды тамырымен жұлып алуға шамасы жеткен атақты палуан. Үлкен нағашысы Бейсеу де аты мәлім батыр, анасы Кабира да аңызға айналған алып күштің иесі.
Әлихан Бекейханның анасы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының анасы туған апалы-сіңлілі болған. Атақты Мамай батырдың немерелері. Бегім ханым ауылындағы адамдарға арабшадан сабақ берген. Тіпті, көрші ауылдағы жетім балаларды алдырып, оқытқан.

Canal: @kaatib0
İnst: @ereke_m
397 views05:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 12:30:34
Мына жер керемет екен)
804 views09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 12:18:23
Бір күндік жолға шықсаң,
Үш күндік азық ал )))

Kolsay, Almaty obl
818 views09:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 21:14:42 @kaatib0rus орысшасын ашып қойғаным бар екен)
әз-мәз жазбалар салып қойдым
444 views18:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 21:03:19 قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: إن أعظم النكاح أيسره مؤنة

Мұхаммад пайғамбар айтты :
“Некенің ең берекелісі - шығыны азы”

https://t.me/kaatib0
493 views18:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 20:11:51 Бүгін айтайын дегенім… Негізі айтпай бірден сюрпрайз қылсамба деп едім. Жарайды ішіме сыймай бара жатқан соң айтайын)) Жиі қолдап, жазбаларды репост қылып жүрген каналдар жоқ емес. Ендігі ойым, ниетім ең көп репост жасап жүрген канал иесіне құрметім ретінде…
632 viewsedited  17:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 19:34:33 Костюммен түскен фотоны салуға қорқып қалдық қо))
730 viewsedited  16:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 16:00:06
Әйелдің өз әліппесі бар, оны кез келген еркек оқи алмайды.

Қадыр Мырза Әли (Алла рақымына алсын)
1.1K views13:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 15:57:50
Еркекке серілік, әйелге еркелік жарасады.
Бақыттың үлкені – сүйгенге шығу.

Қадыр Мырза Әли (Алла рақымына алсын)
1.1K viewsedited  12:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 15:52:25 Әйел дауысты еркекте қуат болмайды,
Еркек дауысты әйелде ұят болмайды!
885 views12:52
Ашу / Түсініктеме