Get Mystery Box with random crypto!

журфак

Telegram арнасының логотипі jourfaculty — журфак Ж
Telegram арнасының логотипі jourfaculty — журфак
Арна мекенжайы: @jourfaculty
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.29K
Арнадан сипаттама

қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-20 20:44:19 Бірі жылдар бойы мемлекеттік БАҚ-та жұмыс істеген, бірі қазір Тоқаевтың баспасөз қызметінде жүрген, бірі жекеменшік сайт ашқан үш әріптес қазақ журналистикасы туралы талқылапты.

Көп пікірді тыңдап отырып, «ммм, ок» дедім.

Әріптестерде әлі күнге дейін «аудиторияны тәрбиелеу миссиясы», өзін көрерменнен биік санау бар, совет кезіндегідей заманауи журналистиканы бақылауда ұстауды, тілшілер «мәртебесін» көтеруді мақсат тұтады, өз ортасынан бір-екі метр алыста боп жатқан нәрсені елемейді, журналистикадағы тенденцияларды байқай алмайды, айтып отырған көзқарасы мен қызметтегі ұстанымы бір-біріне қарама-қайшы. Көп айта берсең.

Өздерің көріп шығыңдар. Чатта талқылайық сосын.

Міне, подкаст:



679 viewsayan kalmurat, edited  17:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 16:56:06 Бүгін құқық қорғаушы Евгений Жовтис жетекшілік ететін Адам құқығы жөніндегі бюро Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысын жариялады. Бірнеше маңызды деректі келтірейін.

Ұсталған азаматтардың 71 пайызы тергеу кезінде азапталғанын айтқан.

Адвокаттардың басым бөлігі азаптау оқиғасы бойынша шағым түсірген.

Азапталғандардың 77 пайызы өзіне кім зорлық көрсеткенін білетінін айтқан. Алайда бұл шағымдар бойынша тек 18 пайыз (!) адамды жәбірленуші деп тапқан.

Ұсталғандарға полиция не үшін әкетіп бара жатқанын 21 пайыз жағдайда ғана айтқан. Яғни өзін полиция не үшін ұстағанын әрбір бесінші адам ғана білген.

Полиция азаматтардың 63 пайызына ұстау кезінде күш қолданған. Бірақ мұндай жағдайдың ешбірі видеотіркеуге жазылмаған.
568 viewsayan kalmurat, 13:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 19:51:01 Өткенде Азаттық қолына Шымкенттегі қаңтар оқиғасын тергеуге байланысты құпия құжаттар тиген. Ол туралы сайтымызда жаздық, көрсеттік.

Тергеу құжаттарының ішіндегі әшкере болған, меніңше, ең сорақы факт мынау:

тергеушілер Шымкент әкімдігі алдына сегіз мыңға жуық мас (!) бұзақы жиналып, билікті төңкеруге тырысқанын айтады. Бірақ сол күні Шымкентте полиция атып өлтірген 20 адамның тек үшеуінің қанынан аз мөлшерде этиль спирті табылған. Тек үшеуінің.

Адам мас болса, оны атып тастауға болады деген сөз емес. Қылмысты кейбір адамның мастығына сілтеп, осылай ақтауға тырысқысы келетін биліктің қатыгездігіне қараңдаршы.

Бүгін Азаттықта сол күні құрбан болған 17 жастағы Асланның хикаясын жарияладық. Оқып шығыңдар.

Прокуратура кеше жариялаған марқұмдардың құрғақ тізімінен көп ақпарат ала алмассыңдар. Бірақ ол жай статистика емес, қаралы тізім артында қаншама үзілген өмір, жазылмас жара тұрғанын ұмытып кетпеңдер. Сол үшін құрбандар туралы әр мақаланы оқып отырыңдаршы.
554 viewsayan kalmurat, edited  16:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 16:54:15
не деген кездейсоқ кадр
1.9K viewsayan kalmurat, 13:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 10:33:07 Кейінгі бір жылда Ресейден кемінде 504 журналист көшіп кетіпті. Көбі Мәскеу Украинаға соғыс бастаған соң қоныс аударған. Олар қашықта жүрсе де, оқырманға тәуелсіз ақпарат берумен айналысып жүр. Бұған «офшор-журналистика» деп ат қойыпты.

Бүгін «Проект» басылымы Ресейдегі БАҚ-тың қазіргі күйі туралы толымды материал жариялады. Шешуші сәтте дұрыс шешім қабылдаған басылымдардың шабыт беретін хикаялары да, аяусыз цензураға үнсіз бас шұлғып отырған журналистердің көңіл қынжылтатын әңгімелері де бар. Оқып көріңдер.

Өз басым «Новая газетаның» қайсарлығына тәнтімін. Соғыстан кейінгі цензураға барынша шыдас берді. Украинаның жапа шеккен аудандарынан керемет репортаждар жариялады. Газетті жабуға ілік таппас үшін мақалаларында соғыс туралы кейбір ақпаратты қалай түрлендіріп беріп келгені, адамдардың Путин туралы сөзін [...] осындай тік жақшамен көрсетуі — бәрі алда тарихқа енетін шығар. Өте әсерлі.

Бірақ осылай сақ жүргеннің өзінде бір айдан соң жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бәрі ақырына дейін тізе бүкпеген мықтылығына риза болды.

Кейін редакция қызметкерлері газеттің онлайн нұсқасын өзгеше атпен Еуропадан шығара бастады. Енді, міне, таяуда ғана «Новая газета» өз атымен сайт ашып, жұмысын жалғастырып жатыр. Оқып тұрыңдар. Әріптестерге тілектеспін.
2.1K viewsayan kalmurat, 07:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-12 21:14:35 Бүгін жаңа мешіт ашылуынан тараған суреттерден Назарбаевқа еріп келе жатқан мына кісіні байқаған шығарсыздар. Ол — түрік кәсіпкері Феттах Таминже.

Таминже 90-жылдардан бері Назарбаевтың сүйікті шетелдік кәсіпкерлерінің бірі. 2000 жылдардың басында Таминже Reuters агенттігіне берген сұхбатында Назарбаевпен тікелей сөйлесіп, құрылыстағы қағазбастық мәселесін шешкенін айтқан.

Астанадағы әйгілі ғимараттың бәрін дерлік — «Ханшатыр», Назарбаев университеті, «Астана Арена», «Назарбаев орталығы», «Нұр әлем» сферасы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Алау» мұз сарайы және басқа да зәулім нысандарды Таминже басқаратын Sembol компаниясы салды. Кейін облыс орталығы атанған Түркістанда да бірнеше ірі құрылыс жүргізді. 2017 жылы құрылыс саласында ең көп салық төлеген компания атанған.

Таминже Қазақстанда мұндай табысқа қалай жетті дегенге бірнеше болжам айтылады. Кәсіпкер 90-жылдары Түркияда қазір 70 пайызы Назарбаевқа тиесілі бес жұлдызды қонақүй салып берген. Осы қонақүй Қазақстан билігімен табысты келісімдер жасауға жол ашқан болуы мүмкін. Таминжені шын мәнінде Машкевичтің досы, даулы кәсіпкер Тевфик Арифтің сенімді адамы деген деректер де бар. Бұл туралы былтыр Азаттық зерттеуінде айтып едік. Төменге сілтемесін саламын.

Күні бойы мемлекеттік арналар «бұл мешіттің құрылысына бюджеттен бір тиын кетпеді» деп жатыр. Бірақ оны салған компанияның — Таминженің отыз жыл бойы Қазақстан бюджетінен қанша қаржы алып келгенін есептеу түгілі, елестету де мүмкін емес

Зерттеуді көріп шық.



1.9K viewsayan kalmurat, 18:14
Ашу / Түсініктеме
2022-08-12 21:13:52
Көкпен бадырайтып белгілеген мына кісі туралы қазір жазба шығарам.
1.6K viewsayan kalmurat, 18:13
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 09:00:04
ахаха
2.0K viewsayan kalmurat, 06:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 14:06:52 Сол кезде түсіріп қайтқан репортаждың сілтемесі.
702 viewsayan kalmurat, edited  11:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 14:06:09 Биыл ақпанда Талдықорғанға бардым. Азапталған 15-17 жастағы балалардың әке-шешелерімен күні бойы сұхбаттастық. Менің әлі мектеп оқитын ініммен жасты балалардың тісін сындырған, арқасына үтік басқан, бүйрегінен ұрған, тоқ соққан…

Сұхбаттарды жазып алып, кешке қонақүйге келгенде диванға сұлық түсіп, біраз уақыт тапжылмай төбеге қарап жаттым. Не ұйқым келмейді, не ешкіммен сөйлесе алмаймын. Сосын жыладым.

Өте ауыр сапар болды. Қаңтарда жұмыс істеген әр журналисте осындай күндер болған шығар.

Кейін Талдықорғандағы ата-аналармен хабарласып тұрдым. Кейбір бала шартты жазамен қамаудан шықты, кейбірі қару ұрлады деп сотталды. Қамаудан шыққан бозбалалар есейіп, мүлде басқа адамға айналған. Тергеуде қорлық көрген 15 жасар жігіттің әкесі «балам күні бойы үйде отыра бергісі келеді» деп еді.

Сол балалар өзін әбден қауқарсыз сездіріп, жәбір көрсеткен, санасына өмір бойы өшпейтін жара қалдырған полицейлер мен басқа да күш құрылымдарының қызметкерлеріне ашуы мен ренішін әлі күнге дейін арқалап жүргеніне күмәнім жоқ. Біраз жасқа дейін, тіпті мүлде кешірмейтін де шығар.

Бүгін Бас прокуратура Талдықорғанда азаматтарды азаптаған полицейлерді тергеу аяқталғанын хабарлады. Бес полицей күдікті деп танылған. Бұл бесеуі, прокуратура дерегінше, 23 адамды азаптаған.
706 viewsayan kalmurat, edited  11:06
Ашу / Түсініктеме