Get Mystery Box with random crypto!

журфак

Telegram арнасының логотипі jourfaculty — журфак Ж
Telegram арнасының логотипі jourfaculty — журфак
Арна мекенжайы: @jourfaculty
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.29K
Арнадан сипаттама

қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 30

2021-01-15 19:20:38 Сайрагүлдің теңіз жағасында көз жасын сүртіп отырып, қимай кеткен өскен жері туралы, қош дей алмай кеткен жақындары жайлы айтқан мына әні жүректі ауыртты.

Қорлық пен азаптан қашып, атамекенге жеттім бе дегенде Қазақстанда біраз уақыт беймәлім күй кешіп, ақыры құшақ ашқан қашықтағы елге қоныстанған бұл отбасының хикаясы — Қытайда алыс-жақын туысы қамалған мыңдаған шаңырақтың басындағы трагедияның бір көрінісі. Бірақ бәрінің хикаясы бұлай бақытты аяқталып жатқан жоқ.

Қоштаса алмай кеткен туған әпке-сіңлісінің кейін Сайрагүлді «мәжбүрлі түрде» қаралай сөйлеуі; бас кейіпкердің оларға деген сағынышы пен «жақсы күндерде жолығармыз» деген әлсіз үміті; Қазақстан құжатын сипап, ата-анасы «азаматтықтан бас тартамыз» десе, бой бермейтін балалар — фильмдегі өте әсерлі детальдар.

Азаттықта әріптестерім Нұрбек Түсіпхан пен Ұлан Асанәлиевтің «Сайрагүл. Диктатура мен демократия арасы» атты фильмі шықты. Біраз адам пікірге «жылап көрдім, күйіп кеттім» деп жазыпты. Мен де солай. Еңбектеріңізге рақмет!

Көріп шығыңыздар. Міне, сілтемесі.
1.9K viewsayan kalmurat, 16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-01-13 12:53:16
Қызу талқыланып жатқан соңғы тупизм тақырыптардан хабардар болыңыз.
745 viewsayan kalmurat, 09:53
Ашу / Түсініктеме
2021-01-10 07:37:52
Мені учаскеден сайлау комиссиясының төрағасы күштеп шығарып жіберді

Жаңа Алматыдағы № 173 сайлау учаскесін Азаттық тілшісі ретінде видеоға түсіруге барғам. Кіре сала сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Ысқақов қай БАҚ-тан екенімді сұрап, құжаттарымды тексеріп, ПТР-тестім бар-жоғын білді.

«Журналистерге ПТР-тест міндетті емес» десем де қоймай, жұлқылап, телефонымды тартып алу үшін қолымды қайырып, мәжбүрлеп шығарып тастады. Бір қарасам, сондағы бақылаушыларды шақырып алып, мені арандатушы ретінде видеоға түсіргізіп жатыр.

Бас санитар дәрігердің 29 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, журналистерге ПТР-тест қажет емес. Мұны 10 желтоқсанда Азаттыққа ОСК төрағасы да айтты.
Дәл осындай жағдай Алматыдағы № 350 және Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылындағы № 894 және № 893 сайлау учаскелерінде болды. Ақпарат таратуға барған Азаттық тілшілерінен комиссия төрағалары ПТР-тест талап еткен.
911 viewsayan kalmurat, 04:37
Ашу / Түсініктеме
2020-12-24 19:34:42 Зерттеу журналисткасына қызығатын не қызыққысы келетін әріптестер, мында келіңдер.

Пивоваровтың «Редакциясы» Навальныйдың уланғаны туралы зерттеу әзірлеген журналистерден сұхбат алып, бір сағатқа жуықтайтын фильм әзірлепті.

Бір сөзбен айтқанда — кайф

Бізде де осындай хабарға кейіпкер болатын әріптес көбейсе деп тілеймін.

Мінекей, сілтеме, көріңдер, жұртым.

949 viewsayan kalmurat, 16:34
Ашу / Түсініктеме