Get Mystery Box with random crypto!

JENISBEKULY

Telegram арнасының логотипі jenisbekuly — JENISBEKULY J
Telegram арнасының логотипі jenisbekuly — JENISBEKULY
Арна мекенжайы: @jenisbekuly
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 271
Арнадан сипаттама

Мемлекеттік қызметші
Civil servant

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-09-22 17:56:31 Былайша сау басымыз көп. Бірақ, миға зәруміз. Құба шыңнан құлап қалмасақ екен?!
610 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 11:49:33 Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жүйесіне қатысты әлеуметтік-этикалық һәм саяси көзқарастары мен тұжырымдарын оқыған сайын тәнті боламын.

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатында ол былай дейді:

- "Адам толығымен жетілуі үшін ол басқа да адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек. Қауымның мүшесі болуы керек. Және сол қоғамның құраушысы болғандықтан өзгелерге де көмек көрсеткені жөн. Қауымның қажеті әр бір мүшесінің іс әрекетіне орай орындалады. Яки, бақытқа жету мақсатында адамдары бір-біріне көмек көрсететін қоғам, қайырымды қоғам болып табылады. Сонда ғана олар кемелденеді. Тыныш һәм үйлесімді өмір сүреді".

Негізі шынында да, Платонның және Аристотельдің жазған мінсіз мемлекеттеріне қарағанда, әл-Фарабидің қайырымды қаласында қауымдар көп. Яғни даму үрдісі тікелей сол қауымдарға байланысты.

Себебі кез келген қауым топтан құралады. Топ мүдделестерден тұрады. Сондықтан мүдделес азаматтар бір мақсатқа жұмылуы қажет. Мемлекетшілдік пен, елдікте және тұтас дамуда, қызығушылық пен жоспарлар біріксе, игілікке жол ашылары һақ.
937 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 08:47:00 Елдің тұтқасы болып жүрген мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын!

Ұлтқа қызмет жолында бағытымыз бір болып, бағымыз жансын!
708 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 07:04:20 Адамзаттың осы кезге дейінгі жеткен жетістігі - алдымен адамның ойында пайда болған.

Ойдан - сөз туады, сөзден - іс келеді!
619 views04:04
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 12:14:24 Мемлекеттік қызметшілерге маңызды хабарлама!

Бүгін мен әріптестеріммен бірге, Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Қажманұлы Асановтың семинарына қатыстық. Пайдалы, жүйелі, танымды ақпаратпен қанықтық.

Әріптестер, өздеріңіз білесіздер, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап, "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңы күшін жояды. Оның орнын жаңа "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс" күшіне енеді.

Жаңа құжат, мемлекеттік қызметшілердің халықпен қарым-қатынасының дәстүрлі жүйесін түбегейлі өзгертеді. Сондықтан, Сіз үшін төмендегі видео-семинарды көріп шығу аса маңызды. Азаматтық һәм кәсіби тұрғыда біліктілігіңізді арттырасыз.
776 viewsedited  09:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 19:38:03 Мемлекеттік қызметті һәм тұтас жүйені сынау бір бөлек. Ал, табалау бір бөлек.

Айырмасы, саралап сын айту - мемлекетшілдік те, бет алды табалау- сатқындық. Байқап сөйлеу мен шайқап сөйлеудің айырмасын білген жөн.
571 views16:38
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 18:00:43
663 views15:00
Ашу / Түсініктеме
2021-04-06 18:45:25 Өзгер. Өзгерт.
670 viewsedited  15:45
Ашу / Түсініктеме
2021-04-05 05:58:09 Әдетте "ертеңді" жиі қолданатындардың ісінде береке жоқ. Бүгінге тиесілі тірлікті бүгін бітір.
622 views02:58
Ашу / Түсініктеме
2021-03-24 12:09:50 Мемлекеттік қызметшіге көңілшек болу қауіпті. Кейбір лауазым өкілдірі осы мінезінен сорлап жүр. Сөзі көп, ісі аз. Уәдесі көп, нәтиже аз. Эмоция көп, салықынқандылық аз.

Көңілшектік- кәсіби мансапта, біліктілік пен дағдыға кедергі келтіретін ең сүйкімсіз қасиет!
696 views09:09
Ашу / Түсініктеме