Get Mystery Box with random crypto!

Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жүйесіне қатысты әлеуметтік- | JENISBEKULY

Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жүйесіне қатысты әлеуметтік-этикалық һәм саяси көзқарастары мен тұжырымдарын оқыған сайын тәнті боламын.

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатында ол былай дейді:

- "Адам толығымен жетілуі үшін ол басқа да адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек. Қауымның мүшесі болуы керек. Және сол қоғамның құраушысы болғандықтан өзгелерге де көмек көрсеткені жөн. Қауымның қажеті әр бір мүшесінің іс әрекетіне орай орындалады. Яки, бақытқа жету мақсатында адамдары бір-біріне көмек көрсететін қоғам, қайырымды қоғам болып табылады. Сонда ғана олар кемелденеді. Тыныш һәм үйлесімді өмір сүреді".

Негізі шынында да, Платонның және Аристотельдің жазған мінсіз мемлекеттеріне қарағанда, әл-Фарабидің қайырымды қаласында қауымдар көп. Яғни даму үрдісі тікелей сол қауымдарға байланысты.

Себебі кез келген қауым топтан құралады. Топ мүдделестерден тұрады. Сондықтан мүдделес азаматтар бір мақсатқа жұмылуы қажет. Мемлекетшілдік пен, елдікте және тұтас дамуда, қызығушылық пен жоспарлар біріксе, игілікке жол ашылары һақ.