Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекеттік қызметшілерге маңызды хабарлама! Бүгін мен әріпт | JENISBEKULY

Мемлекеттік қызметшілерге маңызды хабарлама!

Бүгін мен әріптестеріммен бірге, Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Қажманұлы Асановтың семинарына қатыстық. Пайдалы, жүйелі, танымды ақпаратпен қанықтық.

Әріптестер, өздеріңіз білесіздер, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап, "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңы күшін жояды. Оның орнын жаңа "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс" күшіне енеді.

Жаңа құжат, мемлекеттік қызметшілердің халықпен қарым-қатынасының дәстүрлі жүйесін түбегейлі өзгертеді. Сондықтан, Сіз үшін төмендегі видео-семинарды көріп шығу аса маңызды. Азаматтық һәм кәсіби тұрғыда біліктілігіңізді арттырасыз.