Get Mystery Box with random crypto!

Жаңа оқу жылы басталды. Елдегі 7697 мектеп жазғы демалыстан ке | Инсайттар

Жаңа оқу жылы басталды. Елдегі 7697 мектеп жазғы демалыстан кейін оқушылармен қайта толықты. Биыл білім саласында жаңашылдық пен жаңалық өте көп.

Биыл елімізде 7637 мектеп жұмысын бастады. Жалпы 3,6 миллион оқушы бар. Десе де, оқу жылында өзгеріс көп-ақ. Соның бірі оқу жылының ұзақтығы. Енді жылдағыдай 25 мамырда соңғы қоңырау соғылмайды. 1 қыркүйекте басталған оқу жылы 31 мамырға дейін жалғасады. Осылайша оқушылар 36 апта оқиды.

Осы ұзақтыққа байланысты жаңа оқу жылындағы жұмыс форматы бес күндікке қысқарып отыр.

Сонымен қатар, биылғы тағы бір жаңашылдық, ол — оқу бағдарламасындағы өзгеріс. Яғни, жаңа оқу жылынан бастап мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары, енді бұрынғыдай 3 тілді бірден меңгермейді. Мемлекеттік тілде оқытатын 1-сыныптарда балалар тек қазақ тілін, орыс тілінде оқытатын сыныптарда мемлекеттік және орыс тілдерін үйрететіні туралы шешім қабылданды. Ал орыс тілі мен ағылшын тілі 2-3 сыныптан бастап оқу бағдарламасына енеді.

@janaarna