Get Mystery Box with random crypto!

Жеңіліп көрмеген бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 К | Инсайттар

Жеңіліп көрмеген бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) орта салмақтағы қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) жекпе-жекке шақырды.

Фалька Twitter-дегі парақшасында отандасымызды титулынан айыру ниеті бар екенін жазған.

"Қазір сен нағыз чемпионсың, мен сенің белбеуіңді тартып аламын. Іске кірісейік, чемпион", — деді ол.

Бұған Жәнібек қарсы жауап берген. Ол чемпиондығы жоқ боксшыға уақыт бөлгісі келмейтінін айтты.

"Егер менімен төбелескіңіз келсе, алдымен чемпион болуыңыз керек. Біз содан кейін сөйлесеміз. Мені құрқол боксшылар қызықтырмайды. Сізді құрметтеймін, бірақ бокс әлемінде атыңыз жоқ! Мен Чарломен, Канеломен жекпе-жек өткізгім келеді!", -деп жазды Qazaqstyle.

Фото:
exk.kz

@janaarna