Get Mystery Box with random crypto!

Бейресми деректерге қарағанда, Қазақстанға қазірдің өзінде көр | Инсайттар

Бейресми деректерге қарағанда, Қазақстанға қазірдің өзінде көрші елден 280 мың тоннадан астам астық заңсыз жолмен өткізілген. Бидай өндірушілер мен шаруалар контрабандаға тосқауыл қою керегін айтып, дабыл қағуда.

Қазақстанда егін ору науқаны енді ғана басталды. Ал ертерек қимылдаған ресейлік компаниялар өз бидайларын қазақстандық диірмендерге өткізу үшін барын салып жатыр. Олардың ұсынған бағалары төмен, тіпті қарызға да жұмыс істеуге дайын екен.

Сала өкілдерінің сөзінше, 1 қыркүйектен бастап Қазақстанға бидайды автокөлікпен кіргізуге тыйым салынбақшы екен. Бұл сәл де болса жағдайды реттеуге сеп болады деп күтілуде.

Одан бөлек, шекарадағы жағдайды қатаң бақылауға алу мәселесі көтеріліп жатыр. Қазірдің өзінде осы жағдайдың кесірінен еліміз халықаралық биржадан пайдасыз қайтып жүр екен.

@janaarna