Get Mystery Box with random crypto!

Ақтөбе қаласының №2 соты бірнеше қаржы пирамидасын құрып, тұрғ | Инсайттар

Ақтөбе қаласының №2 соты бірнеше қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарды алдап ақшасын алған қылмыстық топқа үкім шығарды.

Қаржы пирамидасын құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 2021 жылдың маусым айында іс сотқа жетті. Сотта Ж. Есіркепов пен басқа да сотталушылардың 2018 жылы Ақтөбеде "Выгодный займ" ЖШС, "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард", "Нұр-Али Капитал" ЖШС қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны анықталды.

Нәтижесінде Ж. Есіркепов пен Н. Танбашеваға 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олардың мүлкі тәркіленеді және басшылық қызметтерді атқару құғынынан айырылды. Сондай-ақ А. Мырзабеков 16 жыл, Н. Аманғалиева, Ж. Елтаева, Э.Жансүгірова 12 жылға сотталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, үкімнің бір бөлігі ғана оқылды. Істің көлемі үлкен болғандықтан үкім бір аптаға созылады. Келесі сот үкімі 31 тамыз күні жария етіледі.

@janaarna