Get Mystery Box with random crypto!

Жалған дүние...

Telegram арнасының логотипі jalgan_dunie — Жалған дүние... Ж
Telegram арнасының логотипі jalgan_dunie — Жалған дүние...
Арна мекенжайы: @jalgan_dunie
Санаттар: Дәйексөздер , Кеңестер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 379
Арнадан сипаттама

Сізге және өзімізге қызықты болған фото-видео, музыка және қызықты мәліметтер...

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-07-10 09:43:39 Ойлап қарасаң:
Жеті жұмақ та, алтын тақ, та — ӘЙЕЛ екен!
Еркектің байлығы да, бақыты да — ӘЙЕЛ екен!
Жаның сүйген жақсы жарға жететін ЕШТЕҢЕ жоқ екен!

Ә. Нұршайықов "Мәңгілік махаббат жыры"
50 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 06:43
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 20:13:15 Төлеген мен Қыз Жібектің – Құман мен Меруерттің шаңырағында қонақтықта отырмыз. Сөз кезегін Бақытжанға бергенде, қасында отырған Шерхан аға – Шерхан Мұртаза:
-Тікірейген шашыңнан айналайын! – деп інісінің басынан сипады. Сонда Бәкең сөзін тост сөйлеуден емес, басқа бір әңгімеден бастады:
-Аға, жақында мен жан-тән туралы жазылған бір кітап оқыдым. Сонда айтады, адам өмірге келгенде, яғни туыла салып, екі періште қасына келеді екен де, баланың бүкіл алдағы өмір тіршілігін, тағдырын кезек-кезек айтып береді екен. Бірақ қырқынан шығарған соң, бала оның бәрін ұмытады екен. Ал мен ұмытпадым. Періштелер «Әкең – Бауыржан, әйелің – Зейнеп болады» дегенде, төбе шашым тік тұрды да, сол күйі жатпай қалды, – деді.⠀

Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық"⠀

—kitapuzindisi
213 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 17:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 10:51:18 Ендеше, жаратқан адамды жаратқанда не түрлi сынақты ойлап қойған. Одан сүрiнбей шыққандар ғана адам деген атқа лайық. Мойыдың ба – пендесiң. Ал, пенделiктi еншiлегендер перiште көңiлдi перiге жығып беруге әуес. Олардың дiттегенi – тiршiлiктi жын-ойнаққа айналдыру. Әлiң жетсе дәл осыған қалқан бол. Сонда жұмақ пен тозақ арасы алшақтап, ақ пен қараның ортасына сына қағылады.

Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"

— kitapuzindisi
347 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 07:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 21:35:13 Мұңаймайсың!
Мені ойлап тұрмасаң,
Өткен күнге көңіліңді бұрмасаң...
...Бірақ қайдам, сағынасың бәрібір,
Сол шақтардың,
Сол бір әнін тыңдасаң.

Ескі әуен мені еске салады,
Жанды қинап,
Жүрегіңді шағады.
Сәттеріміз,
Мен қалжыңдап, сен күлген,
Көз алдыңнан қайта өтіп барады.

Кассетаны айналдырып көргендей,
О, кездердің елестерін көр, мендей.
Таныс нота,
Таныс дауыс кей-кезде,
Сезіледі, бізді кеше бөлгендей.

Сол шақтардың,
Сол бір әнін тыңдасаң...

— Бек Жылқыбаев
119 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 18:35
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 10:04:14 Сол кезден шаршап,
Сілтедім дағы қолымды,
Мен оқымадым, жоғарғы оқу орынды.
Әскерге барып, аз кемді көріп, әйтеуір,
Біртіндеп елдей,
Бүтіндеп жүрмін жоғымды.

Барына шүкір,
Бәрі де жаман демеспін,
Апталап, айлап,
Арақты ішкен емеспін.
Өзімнен-өзім сүйкеп өтпедім бүгінде,
Қарғамасын да,
Қараламасын мені ешкім.

Жанталасып бір, жармадым ешбір доданы,
Жоғарғы жаққа,
Жазбадым арнау, оданы.
...Бұл жырларымды,
Мойындамаған бір-бірін,
Жақтыра қоймас,
Жазушылардың одағы.

Біреуге ертең,
Беремін мына жолымды,
(Бұл өргенім де,
Білемін ойға қонымды)
Жалықтырғанда,
Қаламды тастап жәй ғана,
Кетемін, сезем!
Мен тағы да сілтеп, қолымды...

— Бек Жылқыбаев
293 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 07:04
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 02:20:09 жетем деген армандарым көп қой... мен жеткізбей жатқан қандай бекітілген жол...
380 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 23:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 21:40:22 бәрін ұмыт жаңадан өмір баста... соны ұмытпа жалған дүние, ешкімге бауыр баспа...
116 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 18:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 21:39:08 сол ескі сөз бізге белгілі жалған дүние...
119 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 18:39
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 21:38:15 Маңызды бес нәрсе
 
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамзаттың келешегіне көз жүгіртіп, тұнжырап былай деген:«Сондай бір заман тап болғанда, үмбетім бес нәрсені ұмытып, бес нәрсені жақсы көретін болады:
 
Дүниені жақсы көріп, ақыретті ұмытады;
 
Малды жақсы көргенмен, ақырет күні оның есебін беретінін ұмытады;
 
Жаратылғандарды жақсы көргенмен, Жаратушыны ұмытады;
 
Күнәні жақсы көріп, тәубаны ұмытады;
 
Сәнді сарайларды жақсы көріп, қабірді ұмытады».
121 viewsҚадір ұлы Сақбаев, edited  18:38
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 21:22:08 Өзгеше әлемде болғың келеме, онда бізге тіркел...

@jalgan_dunie — өмір жайлы ащы шындықтар, керемет цитаталар...

@rich_in_videos — The channel rich in videos about love

@jerdegijuldizm — жақсы адамдар жақсы жандармен...


@zhartyzhurek — махаббат жайлы видео фото цитатала...

@ademim_menin1 — кез келген жанды өзгертетін махаббатқа толы канал



______________________

Қазақша телеграм каналдар: @kztlg
104 viewsҚадір ұлы Сақбаев, 18:22
Ашу / Түсініктеме