Get Mystery Box with random crypto!

Сол кезден шаршап, Сілтедім дағы қолымды, Мен оқымадым, жоғарғ | Жалған дүние...

Сол кезден шаршап,
Сілтедім дағы қолымды,
Мен оқымадым, жоғарғы оқу орынды.
Әскерге барып, аз кемді көріп, әйтеуір,
Біртіндеп елдей,
Бүтіндеп жүрмін жоғымды.

Барына шүкір,
Бәрі де жаман демеспін,
Апталап, айлап,
Арақты ішкен емеспін.
Өзімнен-өзім сүйкеп өтпедім бүгінде,
Қарғамасын да,
Қараламасын мені ешкім.

Жанталасып бір, жармадым ешбір доданы,
Жоғарғы жаққа,
Жазбадым арнау, оданы.
...Бұл жырларымды,
Мойындамаған бір-бірін,
Жақтыра қоймас,
Жазушылардың одағы.

Біреуге ертең,
Беремін мына жолымды,
(Бұл өргенім де,
Білемін ойға қонымды)
Жалықтырғанда,
Қаламды тастап жәй ғана,
Кетемін, сезем!
Мен тағы да сілтеп, қолымды...

— Бек Жылқыбаев