Get Mystery Box with random crypto!

Мұңаймайсың! Мені ойлап тұрмасаң, Өткен күнге көңіліңді бұрма | Жалған дүние...

Мұңаймайсың!
Мені ойлап тұрмасаң,
Өткен күнге көңіліңді бұрмасаң...
...Бірақ қайдам, сағынасың бәрібір,
Сол шақтардың,
Сол бір әнін тыңдасаң.

Ескі әуен мені еске салады,
Жанды қинап,
Жүрегіңді шағады.
Сәттеріміз,
Мен қалжыңдап, сен күлген,
Көз алдыңнан қайта өтіп барады.

Кассетаны айналдырып көргендей,
О, кездердің елестерін көр, мендей.
Таныс нота,
Таныс дауыс кей-кезде,
Сезіледі, бізді кеше бөлгендей.

Сол шақтардың,
Сол бір әнін тыңдасаң...

— Бек Жылқыбаев