Get Mystery Box with random crypto!

7-20-25 ипотекасы

Telegram арнасының логотипі ipoteka72025 — 7-20-25 ипотекасы 7
Telegram арнасының логотипі ipoteka72025 — 7-20-25 ипотекасы
Арна мекенжайы: @ipoteka72025
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 414
Арнадан сипаттама

Ресми ақпарат пен ипотека туралы кеңестер. Байланыс @AybarOlzhayev

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-01-25 20:27:51
Жалдау ақысын төлеу немесе ипотеканы төлеу – қайсысы ұтымды?

Егер ай сайынғы төлемдердің мөлшеріне қарасақ, әрине, жалға алу ұтымдырақ. Оның үстіне, пәтерді жайластырып өңдеудің қажеті жоқ. ⠀
Жалдамалы пәтердің ең үлкен кемшілігі – ол ешқашан Сіздің меншігіңізге айналмайды, сонымен бірге жалдау құны өсуі мүмкін. ⠀
Егер ипотека алсаңыз, Сіз тұрғын үйдің құнын бекітіп аласыз және жылжымайтын мүлік бағасының өсуі Сізге әсерін тигізбейді. Пәтер – мұраға қалдыруға немесе жалға беруге болатын жақсы қаржылық актив болып табылады. ⠀
Ипотеканың кемшілігі – Сізге кредит бойынша пайыз төлеу және ұзақ уақыт бойы қарызды өтеу қажет болады.

Дұрыс таңдау жасау үшін өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді есептеңіз, болашағыңызды зерделеңіз, алдануға жол бермеңіз. Түпкі шешімді өзіңіз қабылдауыңыз тиіс.

Сонымен Сіз қандай жолды таңдайсыз: жалдау ма әлде ипотека ма?
278 views17:27
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 20:08:57
Ипотеканы төлей алмасаңыз не істеу керек?

Оқыс жағдай болып, сіз ипотеканы төлей алмай қалдыңыз! Енді не істеу керек? Осы тақырыпта ойланып көрейікші.
Біріншіден, қаржылық қауіпсіздік ұғымы бойынша, кем дегенде 6 айлық шығынды жабатын қор жинақтаған дұрыс.
Екіншіден, уақытша қаржылық қиындықтарыңыз туралы банкке өтініш жазуыңызға болады. Банк сол кезде сізге несие төлемін қайта құрылымдауға түрлі шешімдер ұсынады.
Үшіншіден, алған пәтеріңізді нарықта сатып, ипотекаңызды толық жауып тастауға да болады.
Ең бастысы, банкпен байланысты үзбеу керек. Барлық жағдайды банкке хабарлап отырсаңыз, барлық қиындықты жеңіп шыға аласыз!
249 views17:08
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 20:06:31
Көптеген азаматтар үлескерлік құрылысқа жарна енгізіп қойып, бағаны бекітіп, артынан оны «7-20-25» ипотекасы бойынша алғысы келетіні туралы бізге көп жазады.

Әрине, сіз ондай шешім қабылдай аласыз. Бірақ, біз мұндай жағдайда оның көптеген қаупін алдын-ала ескерткіміз келеді. «7-20-25» бағдарламасының шарттары бойынша тек пайдалануға берілген, бастапқы тұрғын үйге несие беріледі. Оның екі себебі бар:

1. Дайын үй ғана тәуекелдерді жояды. Себебі, құрылыстың аяқталмай қалу қаупі бар.

2. «7-20-25» бағдарламасының идеясы – адамға қаржылық ауыртпалық салмау. Азамат үй құрылысы жүріп жатқанда, қосымша ипотекалық төлем жасамауы тиіс.

Біз барлық тәуекелдерді таразылап барып, одан кейін ғана шешім қабылдауға кеңес береміз.
219 views17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 20:03:09
"Жұбайымның атында үй бар. Ал мен "7-20-25" бағдарламасына қатыса аламын ба?" - деген сұрақ бізге жиі қойылады.

Анықтап алайық. "7-20-25" бағдарламасының негізгі шарттарының бірі - қарыз алушының меншік құқығында баспананың болмауы. Егер мүлік сіздің жұбайыңыздың атына үйленгенге дейін тіркелген болса, сіз "7-20-25" бағдарламасына қатыса аласыз.

Егер пәтер некеде тұрған кезде сатып алынса, онда ол ортақ мүлік болып табылады. Демек ол үй сізге де тиесілі.

Статусыңызды тексеру үшін EGOV-тан «меншік негізінде жылжымайтын мүліктің болмауы / болуы туралы» анықтама ала аласыз. Оны халыққа қызмет көрсету орталығында да алуға болады.
190 views17:03
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 20:01:43
Достар, егер сіз тұрғын үйдегі үлесіңіз үшін "7-20-25" бағдарламасына қатыса алмаймын деп ойласаңыз, мүлде қателесесіз!

Егер сізде үлес болса, бағдарламаға қатысуға рұқсат етіледі. Бұл үшін сіз міндетті түрде банкке «Меншік құқығымен тұрғын үйдің бар/жоқтығы туралы» анықтама беруіңіз керек. Ол анықтамада сіздің үлесіңіздің көлемі көрсетіледі. Мысалы, мүлік үлесінің 1/3 бөлігі.

Бірақ үлес дегеніміз ортақ меншік емес. Егер меншік ортақ болса, онда сізге ипотека берілмейді. Бұл жағдайда "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін ортақ мүлікке деген құқығыңыздан бас тартуыңыз керек.
178 views17:01
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 20:00:11
Достар, "7-20-25" бағдарламасы қашан жабылады?" деген ең қызықты сұраққа жауап береміз.

"7-20-25" бағдарламасы мерзімсіз болып келеді. Қойылған 1 триллион теңгелік шектеуді толық меңгермейінше жабылмайды. Бүгінгі таңда 409 млрд теңге игерілді.

Біздің серіктес банктер "7-20-25" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауда. Сбербанк, Халық банкі, ЦентрКредит Банкі, Еуразиялық банк, Jusan bank, RBK bank, Forte bank және Altyn bank-ке хабарласыңыздар.
164 views17:00
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 19:57:58
Достар, егер жеке кәсіпкер болсаңыз, "7-20-25" бағдарламасына қатысуға болатындығын еске салғымыз келеді!

Қатысу үшін:
1. Салық декларациясы
2. Зейнетақы жинақтары туралы анықтама қажет.
Жеке кәсіпкерлермен Халық банкі және Сбербанк жұмыс істейді.
155 views16:57
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 19:54:18
"7-20-25" бағдарламасына қатысуға үшін өтініш берудің қыр-сырын және неден бастау керектігін әлі білмейсіз бе?
Онда назарыңыз бізде болсын!

Баспаналы болуға бар-жоғы 5 қадам.
1. Клиент баспана тауып, банкке барады.
2. Банк қарыз алушыны тексеріп, несиені мақұлдайды.
3. Клиент сатушымен сатып алу шартын жасап, алғашқы жарнаны құяды.
4. Банк қаржыны сатушыға аударады.
5. Клиент жаңа үйдің кілтін алады.

Сізді пәтеріңіз күтіп тұр!
Бағдарлама жайлы толық ақпарат baspana72025.kz сайтында.
176 views16:54
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 19:49:52 Channel name was changed to «7-20-25 ипотекасы»
16:49
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 19:49:05


Достар, көп адамдар "7-20-25" бағдарламасының шарттарын толық білмейтінін және шатастыратындығын байқадық.

Негізгі 5 қате түсінік
1. Міндетті түрде тіркелудің болуы;
Бағдарлама тіркеуге қарамайды.

2. 5 жыл ішінде тұрғын үйдің болмауы;
Банкке өтінімді беру сәтінде ғана тұрғын үй болмауға тиіс.

3. Мерзімнен бұрын өтеуге болмайды;
"7-20-25" бағдарламасы бойынша мерзімнен бұрын өтеуге рұқсат беріледі.

4. Мемлекеттік тұрғын үйді ғана алуға болады;
Сіз кез келген пайдалануға енгізілген бастапқы тұрғын үйді таңдауға құқылысыз.

5. Ақшаны тек депозитте жинау керек;
Егер ақша сіздің қолыңызда болса, сіз бірден алғашқы төлем жасай аласыз.

Пост пайдалы болды ма? Пікірлеріңізді қалдырып кетіңіздер
136 views16:49
Ашу / Түсініктеме