Get Mystery Box with random crypto!

Ипотеканы төлей алмасаңыз не істеу керек? Оқыс жағдай болып, | 7-20-25 ипотекасы

Ипотеканы төлей алмасаңыз не істеу керек?

Оқыс жағдай болып, сіз ипотеканы төлей алмай қалдыңыз! Енді не істеу керек? Осы тақырыпта ойланып көрейікші.
Біріншіден, қаржылық қауіпсіздік ұғымы бойынша, кем дегенде 6 айлық шығынды жабатын қор жинақтаған дұрыс.
Екіншіден, уақытша қаржылық қиындықтарыңыз туралы банкке өтініш жазуыңызға болады. Банк сол кезде сізге несие төлемін қайта құрылымдауға түрлі шешімдер ұсынады.
Үшіншіден, алған пәтеріңізді нарықта сатып, ипотекаңызды толық жауып тастауға да болады.
Ең бастысы, банкпен байланысты үзбеу керек. Барлық жағдайды банкке хабарлап отырсаңыз, барлық қиындықты жеңіп шыға аласыз!