Get Mystery Box with random crypto!

⠀ Достар, көп адамдар '7-20-25' бағдарламасының шарттарын толы | 7-20-25 ипотекасы



Достар, көп адамдар "7-20-25" бағдарламасының шарттарын толық білмейтінін және шатастыратындығын байқадық.

Негізгі 5 қате түсінік
1. Міндетті түрде тіркелудің болуы;
Бағдарлама тіркеуге қарамайды.

2. 5 жыл ішінде тұрғын үйдің болмауы;
Банкке өтінімді беру сәтінде ғана тұрғын үй болмауға тиіс.

3. Мерзімнен бұрын өтеуге болмайды;
"7-20-25" бағдарламасы бойынша мерзімнен бұрын өтеуге рұқсат беріледі.

4. Мемлекеттік тұрғын үйді ғана алуға болады;
Сіз кез келген пайдалануға енгізілген бастапқы тұрғын үйді таңдауға құқылысыз.

5. Ақшаны тек депозитте жинау керек;
Егер ақша сіздің қолыңызда болса, сіз бірден алғашқы төлем жасай аласыз.

Пост пайдалы болды ма? Пікірлеріңізді қалдырып кетіңіздер