Get Mystery Box with random crypto!

Жанында мектеп, балабақшасы бар пәтерді қалай табуға болады? | Informburo_kaz

Жанында мектеп, балабақшасы бар пәтерді қалай табуға болады?

Баспана сатып аларда немесе пәтер жалдайтын кезде үйдің маңында қандай мектеп, аялдама, дүкендер бар екенін көрсететін функция іске қосылды, деп хабарлады Krisha.kz.

"Аймақтың инфрақұрылымы туралы ақпарат мобильді қосымшадағы "Аудан туралы" бөлімінде топтастырылған. Онда "Мектептер", "Балабақшалар", "Аялдамалар", "Дүкендер", "Саябақтар", "Дәріханалар мен ауруханалар" деген санаттар бар", – деп жазылған хабарламада.

Барлық нысан картада белгіленген. Онда ол жерге үйден жаяу қанша уақытта баруға болатыны көрсетіледі.

Әзірге бұл мүмкіндікті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Қарағанды қаласының тұрғындары ғана пайдалана алады.

t.me/informburo_kaz