Get Mystery Box with random crypto!

'Ерлердің жағдайы жақсырақ': Қазақстанда жоқшылық деңгейі қанд | Informburo_kaz

"Ерлердің жағдайы жақсырақ": Қазақстанда жоқшылық деңгейі қандай?

Әсіресе, ескі жиһазды алмастыра алмайтындар арасында ең үлкен алшақтық байқалады. Ерлерде бұл көрсеткіш 17,9 пайызды құраса, әйелдердің 22 пайызында мұндай мүмкіндік жоқ, деп хабарлады Ranking.kz.

Әйелдердің 12,3 пайызының және ерлердің 10 пайызының қолайлы қысқы және жазғы екі аяқ киім алуға;
Әйелдердің 8,7 пайызының және ерлердің 6,7 пайызының ыстық тағамдармен тамақтануға;
Әйелдердің 6,9 пайызының және ерлердің 5,4 пайызының айына кемінде бір рет достарымен немесе отбасымен бірге түскі ас ішу үшін кездесуге;
Әйелдердің 5,7 пайызының және ерлердің 5,4 пайызының тозған аяқ киім мен киімді жаңасына ауыстыруға мүмкіндігі жоқ.

Жалпы алғанда 100 қазақстандықтың 11-інде жеткілікті аяқ киімі жоқ, ал 100-дің 6-ында тозған және ескі киім мен аяқ киімді уақтылы ауыстыруға мүмкіндігі жоқ.

t.me/informburo_kaz