Get Mystery Box with random crypto!

«Бәрімізге белгілі нәрсе: «Ілім – қазынаға толы сандық. Ал о | Хадис ізденуші

«Бәрімізге белгілі нәрсе:

«Ілім – қазынаға толы сандық. Ал оның кілті – ұстазға сұрақ қою».

Осы жерде тағы бір маңызды жағдаятты қосқым келіп тұр. Ілім – қазына. Сұрақ – оның кілті.

Ал сұрақтың кілті – “сухба”.

Сухба – ұстазбен тығыз байланыста болып, әрдайым жанынан табылу.

Көбіне дәріс барысында ұстазға оңтайлы сұрақ қоюдың реті келе бермейді.

Ал ұстаздың сухбасында болсаң,міндетті түрде сол сұрақтарды қоюдың ретін таба аласың».

Шейх Усәмә әл-Әзһәри

(Алла оны қамқорлығына алғай)