Get Mystery Box with random crypto!

«Ақыл – Алладан болған ең үлкен сыйдың бірі. Көптеген шәкіртте | Хадис ізденуші

«Ақыл – Алладан болған ең үлкен сыйдың бірі. Көптеген шәкірттер күніне тіпті 6-7 сағат кітап оқуы мүмкін. Бірақ, ақылын жұмыс істетуді білмесе, онысы жәй ғана ақпарат болып қалады.

Кей ғалымдарды: «Оның ақылынан білімі көп» деген сөзбен сынға алса, ал кейбірін: «Білімінен ақылы көп»,-деп мақтап айтқан
».

Шейх Мужир әл-Хатиб (хафизаһулла)

Қазіргі таңда көптеген ілім ізденушілерден бұзғыншылық байқалу себебі де осы.

Ілім алған. Оқитынды оқыған. Бірақ, ақылын жұмыс істете оқыған нәрсесін қалай айту керектігін, оны қай жерде айтып, қай жерде айтпау қажеттігін білмейді.

Аз-маз оқығанын беталды айта беріп, өзін де басқаларды да абыржытуда.

Сол үшін дұғамызда пайдалы іліммен қатар, ақ пен қараны тұшымды ажырата алатын нұрлы ақылды да сұрағанымыз жөн.