Get Mystery Box with random crypto!

Емтиханның түпкі мәнісі – ұстаз шәкіртті сынау емес, шәкірт өз | Хадис ізденуші

Емтиханның түпкі мәнісі – ұстаз шәкіртті сынау емес, шәкірт өз-өзін сынауы.

Қалай оқығандығын, мәселені қалай түсінгендігін, қай жерде қандай кемшілігі бар екенін байқап көру.

Сол себепті дәріс уақыты аяқталып, емтихан уақыты таяған сәттен кітаптардың барлығын да жауып, өзіңізді шынайы бір сынап көріңіз.

Бұл әдет – істерді кейінге қалдырудан арылтып, қазір оқыған мәселені дәл қазір түсініп, миға бекітіп алуға дағдыландырады.

Әйтпесе, кітаптан қазір түсінбей өткен мәселені кейін емтихан уақытында қайталап түсініп аламын ғой деген ой – қазіргі сәтте алыну керек ілімнен тосып қоятыны рас.