Get Mystery Box with random crypto!

Шағын насихат: Ортақ тақырыпты кітаптарды бір жерде, бір уақы | Хадис ізденуші

Шағын насихат:

Ортақ тақырыпты кітаптарды бір жерде, бір уақытта оқымауды кеңес етемін.

Сахих Муслимнің шархы мен Термизи шархын екеуін бірге салыстыра оқып жүргеніме 2-3 айдан аса уақыт болды. Ол екі жинақтың хадис жүйесі, хадис тақырыптары бір-бірінен алыс емес.

Шархтан бірнәрсе еске түссе, ол Термизидің шархында ма еді, әлде Муслимнің шархында келгенін шатаспау үшін екеуін екі бөлек орында, екі бөлек уақытта оқуды жөн көрдім.

Көбіне, кітаптағы ой – сол сәтте отырған орынға немесе сол бір уақытқа байланысып еске түседі.

Ал жоғарыдағы жағдайда шатасудың алдын аламыз.

Бұл барлық саладағы кітаптарға қатысты.