Get Mystery Box with random crypto!

Хабиба каналы

Telegram арнасының логотипі habibazhumabekkyzy — Хабиба каналы Х
Telegram арнасының логотипі habibazhumabekkyzy — Хабиба каналы
Арна мекенжайы: @habibazhumabekkyzy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 519

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 87

2021-05-12 23:53:18 Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні шын ықыласпен айтылған кәлима-и шәһадаттың ақыретте мүмин таразысының оң жақ басын қалай ауыр басаты- нын былай деп түсіндірді:
«Аллаһ тағала Қиямет күні үмметімнің ішінен бір адамды сықаса жиналған халықтың арасынан шығарып алып, оған қатталған тоқсан тоғыз дәптерді көрсетеді. Әр дәптердің үлкендігіне кім де болса бас шайқап таңырқай қарайды.
Аллаһ тағала әлгі адамнан:
– Мына дәптерде жазылғандарға не айтасың? Менің жазушы періштелерім саған қиянат жасамап па? – деп сұрайды.
Құл:
– Уа, Раббым! Жоқ, әрине. Бәрі де дұрыс, – дейді. Аллаһ тағала одан қайта сұрайды:
– Осыларды жасағандығың рас болса маған айтар
дауың бар ма? Құл:
– Уа, Аллаһ тағала! Айтар дауым жоқ, – дейді. Іле барлық амалдары таразыға тартылғанда, сауаптары аз болып қалады. Бұны көргенде Жаратушы Ие:
– Бұдан тыс сенің үлкен жақсылық-сауабың да бар. Біз бүгін сені ешқандай жамандыққа ұшыратпаймыз, – дейді.
Таразыға тілдей бір қағаз салынады. Құл ол қағаз не салмақ берер дейсің деп үмітсізденіп тұрады.
Бірден дәптерлер таразының бір басына, әлгіндегі бір жапырақ қағаз болса таразының екінші басына қойылады. Таразы тартылғанда дәптерлер жеңіл тар- тып, қағаз ауыр басады Сөйтсе, қағазда «Әшхәду ән лә иләха илла Аллаһ уә әшхәду әнна Мұхаммадан расулаллаһ» (Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі) деген кәлимасы жазулы екен».
Негізінде, Аллаһ тағаланың атымен не салысты- рылса да онымен бәрібір тең келе алмасы анық.
69 views20:53
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 13:56:42 Келесі Рамазанға дейін Раббымызбен қауышар ма екенбіз?
Әлде Рамазанмен бе...?!
Қош бол, Қасиетті, Құран айы,Рамазан!
131 views10:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 13:53:22 Хош бол Рамазан!!!
Сен келесі айналып келгенше барлығымыздың төрт көзімізге түгел болып
Алла амандық берсін
Осы бір қас пен көздің арасындай қып- қысқа өмірде
Бір бірімізбен сыйластықта болайықшы
Ұстаған Оразаларыңыз бен барлық дұға тілектеріңіз қабыл болсын!

Бізді тастап барасың ба Рамазан?
Дұға етсем қаласың ба Рамазан?
Ай басында, ай соңында кеп тұршы
Нәпіл болып арасында Рамазан?

Келер айлар ғажап болсын Рамазан
Сен секілді таза-ақ болсын Рамазан!
Саған қосып Кадыр түнін жіберген
Раббымызға мадақ болсын Рамазан!

Сенен алған нұрыңменен күндеймін
Сенен қалған мінезбенен гүлдеймін
Келер жылы келеріңе сенем ғой,
Сен келгенмен мен болам ба білмеймін.
#рамазан2021
137 views10:53
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 13:53:12 Бұл Рамазаннан бар күнәсі кешіріліп, "тозақтан азат" деген мәртебені алып шыққан құлдардың қатарынан болайық!
Әмин
126 views10:53
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 16:20:21 Жұлдызнамаға сену...
Халифа Һарун Рашидке бір жөйіттің «халифаның қанша өмір сүретіндігін жұлдыздарға қарап біліпті, әрі ажалы осы жақын аралықта келеді» деп айтқандығының хабары жетеді. Халифа әлгі жөйітті дереу сарайға алдырып, өзі жайында айтқандарды неге сүйеніп айтқандығын сұрайды. Жөйіт: «Пәленше деген жұлдызға, түгенше деген жұлдызға қарап білдім» дейді. Дәл сол кезде сарайға халифаның уәзірі Жағфар ибн Яхия кіреді. Халифаның қайғырып отырғандығын байқап мән-жайды сұрап алады. Халифаға қарап: «Уа, мәртебелі халифам! Мынаның айтқан сөздерінен туып ішкі жан дүниеңе орнығып алған күдіктің шығуын қалайсыз ба?» деп сұрайды. Халифа: «Иә, қалаймын» дейді. Уәзір: «Олай болса, мына жөйіттен өз өмірі жайында сұраңыз. Себебі сіздің өміріңізден гөрі өз өмірін жақсырақ білуге тиісті» дейді. Халифа жөйіттен: «Өз өмірің жайлы жұлдыздарға қарап білгенің бар ма?» деп сұрайды. Жөйіт: «Иә, мен өмірімнің осы шағында осылай болатындығын, болашақта пәлен деген уақытта солай болады,келешекте түген деген уақытта басқаша болады, осының барлығын жұлдыздарға қарап білдім» деп жауап береді. Уәзір Жағфар халифаға қарап: «Мына жөйіттің басын қазір шабуға бұйрық беріңіз! Осылайша сіздің өміріңізден гөрі өз өміріне қатысты мағлұматының қателігін көресіз» дейді. Мұны естіген халифаның көңіліндегі күдік сейіліп кеткен екен.
185 views13:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 16:20:20
158 views13:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 16:19:46
158 views13:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 16:19:43
163 views13:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 16:19:19
160 views13:19
Ашу / Түсініктеме