Get Mystery Box with random crypto!

Жұлдызнамаға сену... Халифа Һарун Рашидке бір жөйіттің «халифа | Хабиба каналы

Жұлдызнамаға сену...
Халифа Һарун Рашидке бір жөйіттің «халифаның қанша өмір сүретіндігін жұлдыздарға қарап біліпті, әрі ажалы осы жақын аралықта келеді» деп айтқандығының хабары жетеді. Халифа әлгі жөйітті дереу сарайға алдырып, өзі жайында айтқандарды неге сүйеніп айтқандығын сұрайды. Жөйіт: «Пәленше деген жұлдызға, түгенше деген жұлдызға қарап білдім» дейді. Дәл сол кезде сарайға халифаның уәзірі Жағфар ибн Яхия кіреді. Халифаның қайғырып отырғандығын байқап мән-жайды сұрап алады. Халифаға қарап: «Уа, мәртебелі халифам! Мынаның айтқан сөздерінен туып ішкі жан дүниеңе орнығып алған күдіктің шығуын қалайсыз ба?» деп сұрайды. Халифа: «Иә, қалаймын» дейді. Уәзір: «Олай болса, мына жөйіттен өз өмірі жайында сұраңыз. Себебі сіздің өміріңізден гөрі өз өмірін жақсырақ білуге тиісті» дейді. Халифа жөйіттен: «Өз өмірің жайлы жұлдыздарға қарап білгенің бар ма?» деп сұрайды. Жөйіт: «Иә, мен өмірімнің осы шағында осылай болатындығын, болашақта пәлен деген уақытта солай болады,келешекте түген деген уақытта басқаша болады, осының барлығын жұлдыздарға қарап білдім» деп жауап береді. Уәзір Жағфар халифаға қарап: «Мына жөйіттің басын қазір шабуға бұйрық беріңіз! Осылайша сіздің өміріңізден гөрі өз өміріне қатысты мағлұматының қателігін көресіз» дейді. Мұны естіген халифаның көңіліндегі күдік сейіліп кеткен екен.