Get Mystery Box with random crypto!

Хош бол Рамазан!!! Сен келесі айналып келгенше барлығымыздың т | Хабиба каналы

Хош бол Рамазан!!!
Сен келесі айналып келгенше барлығымыздың төрт көзімізге түгел болып
Алла амандық берсін
Осы бір қас пен көздің арасындай қып- қысқа өмірде
Бір бірімізбен сыйластықта болайықшы
Ұстаған Оразаларыңыз бен барлық дұға тілектеріңіз қабыл болсын!

Бізді тастап барасың ба Рамазан?
Дұға етсем қаласың ба Рамазан?
Ай басында, ай соңында кеп тұршы
Нәпіл болып арасында Рамазан?

Келер айлар ғажап болсын Рамазан
Сен секілді таза-ақ болсын Рамазан!
Саған қосып Кадыр түнін жіберген
Раббымызға мадақ болсын Рамазан!

Сенен алған нұрыңменен күндеймін
Сенен қалған мінезбенен гүлдеймін
Келер жылы келеріңе сенем ғой,
Сен келгенмен мен болам ба білмеймін.
#рамазан2021