Get Mystery Box with random crypto!

Gulzhanginayat

Telegram арнасының логотипі gulzhanginayat — Gulzhanginayat G
Telegram арнасының логотипі gulzhanginayat — Gulzhanginayat
Арна мекенжайы: @gulzhanginayat
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.52K
Арнадан сипаттама

Мен және менің әлемім🕊

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-01-01 19:47:28 Адам жаны нәзік қой, қай уақытта болсын жылы сөзге, жақсылыққа, ізгілікке құштар. Аялағанды, құрметтегенді, ілтипатпен тіл қатқанды ұнатады. Бәрінен де сенімге мұқтаж, сенімсіздік қанша жанды алыстатады, қаншама үміттерді үзеді. Өзгелерге сенбейтін, өзгеден жақсылық күтпейтін жан еш уақытта парасаттылыққа жетпейді. Өзгенің бойындағы жақсылықты көре алмағанның өз бойынан жақсылық шығуы екіталай.
232 viewsГүлжан Гинаятова, 16:47
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 12:57:01 Жаңа жылға қатысты адамдардың пікірі екіге бөлінеді. Бірі - мұсылмандардың мейрамы емес десе, бірі - атадан келе жатқан дәстүрше тойлайды.

Менің пікірім бір жақты. Жаңа жыл - жақындарыңмен бір дастарханда бас қосуға, бір-біріңді қуантуға арналған мүмкіндік.

Ескі жылдың бар пәлесімен қоштасып, жаңа жылды жақсылығымен күтуге ниет ету.

Шектен шығып, ессіздікке бару басқа бір әңгіме. Бірақ бір-бірімізге махаббат пен қуаныш сыйлауға кім шектеу қойсын?!
232 viewsГүлжан Гинаятова, 09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 12:41:38 Тағдырдан артық шебер, өмірден артық ұстаз жоқ!
224 viewsГүлжан Гинаятова, 09:41
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 12:19:14 ӨМІР ДЕГЕН ОСЫ ШЫҒАР, шаршау, аңсау, ойлау, уайымдау, күту, шыдамсыздану, жету, жете алмау... «Адамға ең мұқият зерттейтін нәрсе ең алдымен оның өзі. Өзінің жан-дүниесі» (Л.Толстой) дегендей, ішкі дүние иірімдері, толқындары қашанда мазасыз-ау...
288 viewsГүлжан Гинаятова, 09:19
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 22:17:00 Табиғаттың суықтығы ештеңе емес-ау, бәрінен өмірде жаураған жаман. Білмеймін, жылытатын мына дүниенің жарқылы да, оты да азайып кеткендей ме-ау?

“Жүректегі жазулар”.
254 viewsГүлжан Гинаятова, 19:17
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 22:16:19 Өмірде бәрі ойдағыдай емес, Ойдағының бәрі өмір емес.
251 viewsГүлжан Гинаятова, 19:16
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 12:48:43 Адамдар үшін бір-біріне қуаныш сыйлағаннан артық бақыт бар ма?
279 viewsГүлжан Гинаятова, 09:48
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 12:45:02 Қызғаншақтық-ай, күлмен көмілген шоқсың-ау…

І. Есенберлин
275 viewsГүлжан Гинаятова, 09:45
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 21:09:29 Ешкімге теп-тегіс жол, кедергісіз өмір жоқ. Не болмаса саған ешкім тамаша тағдыр дайындап қоя алмайды. Тіршілікке араласқан соң тірі адамның өз мұңы болады.

Ә. Ысқақ “Жүректегі жазулар”.
280 viewsГүлжан Гинаятова, 18:09
Ашу / Түсініктеме