Get Mystery Box with random crypto!

Кейде отырып ойлаймын. “Ана құрбым қайда, мына досым қайда к | Gulzhanginayat

Кейде отырып ойлаймын.

“Ана құрбым қайда, мына досым қайда кетті?..”

Ойласам, барлығы заңдылық екен ғой. Уақыт бір орында тұрмайды, адамдар да дәл солай. Бірі кетсе, бірінің орнын бірі басар.

Балалықтан ересектікке өту жолындағы алғашқы сынақ - жарты жолдасыңды жоғалту. Сенің не оның қалауы емес, өмірдің өз қалауы солай екен.

Кейін “сол бір жандар қайда екен?” - деген сұрау пайда болды.

Менің де ішке бүккен сырым көп. Ойдың салмағы әрқашан да ауыр. Өз шындығымнан әр аса алмай, күрмеулі сұрақтың жауабын таппай кеттім.

Бұл уақытында болған оқиғалар. Кейін жауабын білуге де талпынбадым. Өткенің еншісінде қалдырған дұрыс екен.