Get Mystery Box with random crypto!

Дүниедегі ең құнды да, ең құнсыз да сол адамның өз өмірі-ау. Ж | Gulzhanginayat

Дүниедегі ең құнды да, ең құнсыз да сол адамның өз өмірі-ау. Жас бала жарық дүниеге көзін жұмып туады, бәлкім атысып-шабысқан сұрқиялық пен сұмдықты көргісі келмегені де... ал, сол бала ер жете келе, өмірдің бар кереғар бақыты мен қайғысына еті үйрене келе – қимай қиналады. Жалғыз ғұмырды тастап, арғы дүниеге аттана алмай – көзін ашып өледі... Өліге де, тіріге де төсек болған қара жер ғана тентек пендесін теңестіреді.

О. Бөкей “Құм мінез”