Get Mystery Box with random crypto!

📚GRANTS 2022 💛

Telegram арнасының логотипі grant2022kz — 📚GRANTS 2022 💛 G
Telegram арнасының логотипі grant2022kz — 📚GRANTS 2022 💛
Арна мекенжайы: @grant2022kz
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.74K
Арнадан сипаттама

ҰБТ-ға арналған телеграм канал✅
♥️ЖОО-лар мен гранттар
♥️ҰБТ материялдары
♥️Жаңа база
😉Біздің телеграм каналға қосыл!!!
👇👇👇👇👇👇
📞WhatsApp админа- https://wa.me/message/PLPYEM6KRD45P1
📈Жарнама/Реклама-https://wa.me/message/PLPYEM6KRD45P1

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-01-13 21:35:21 Қайырлы түн! грант иегерлері
162 views. ., 18:35
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 19:48:01 ҰБТ алдындағы қорқынышты қалай жеңеміз?
Тестофобтар, барсыңдар ма? Тестофоб - тест тапсыруға қорқатын адам. Тек сен емес, адамдардың 95%-ы тест алдында уайымдайды. Тіпті атақты әншілердің өзі сахнаға мың рет шықса да, бәрібір алақаны тершіп тұрады.

Емтихан кезіндегі стрессті ойлап, емтиханға дейін стресс пайда болады. Стресс қорқынышты, қорқыныш тағы да мол стрессті тудырады. Бір қызығы, емтиханға жақсы дайындалғандар көп қорқады. Аз дайындалғандар “бәрібір өтпеймін, қайта тапсырамын” деген оймен аз қорқады.

Қорқыныштың екі себебі бар: белгісіздік және өзіңе сенімсіздік. Сол үшін мектепте қайта-қайта сынақ емтиханын тапсыртады.

Сабаққа дайындалған сайын алған біліміңді біреуге түсіндіріп отыр. Сонда ұсақ бөлшектеріне дейін есіңде қалады.

Сабаққа дайындалғанда металлик емес, классикалық әуендер тыңда.

Құнарлы тағам же. Жаңғақ, мейіз, құрма өте пайдалы.

Емтихан болатын түні жақсылап ұйықтау керек.

Осындай қарапайым кеңестерді орындап, жақсы нәтижеге жете аласың.
291 views. ., 16:48
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 19:00:01
298 viewsbook, 16:00
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 18:30:06 #Физика

Геометриялық оптика тарауы бойынша ҰБТ-де кездесетін сұрақтар(+жауабымен)

Тарау толығымен қамтылды! Ең маңызды теориялар!
ҰБТ-де осы сұрақтардың ең кемі 2-3-еуі кездесуі мүмкін! Қабырғаңа сақтауды ұмытпа!

Егер линза жинағыш болса, d > 2F жағдайда линза беретін кескін:
● шын, төңкерілген, кішірейтілген

F < d < 2F болса, линза беретін кескін:
● шын, төңкерілген, үлкейтілген

d● жалған, тік, үлкейтілген

Шашыратқыш линза беретін кескін:
● жалған, тік, кішірейтілген

Дөңес айна әрдайым беретін кескін:
● жорамал

Көз бұршағы көмегімен көз торында алынатын дене кескіні:
● кішірейтілген, төңкерілген, шын

Фотоаппараттың беретін кескіні:
● шын, кішірейтілген, төңкерілген

Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның бергі жағында пайда болады. Көздің кемістігі және бұл жағдайда көзілдірікке қажетті линза:
● жақыннан көргіштік, шашыратқыш линза

Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның АРҒЫ жағында пайда болады. Көздің кемістігі және бұл жағдайда көзілдірікке қажетті линза:
● алыстан көргіштік, жинағыш линза

Жалпақ параллель сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы:
● сфералық аберрация

Линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялған дақтардың пайда болуы:
● хроматтық аберрация

Линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау:
● астигматизм

Кескіннің қисаю құбылысы:
● дисторсия

Көздің жақсы көру қашықтығы:
● 25 cм

Оптикалоық аспаптар:
● лупа, перископ, микроскоп, телескоп, фотоаппарат, диаскоп, эпидиаскоп, көз, көзілдірік

Қиылысатын жазықтықтармен шектелген мөлдір дене:
● призма

Екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене:
● линза

Фокус арақашықтығына кері шама:
● линзаның оптикалық күш

Линзаның оптикалық күші өлшем бірлігі:
● 1 дптр (диоптрия)

Жарықтың түзусызықты таралуына негізделген құбылыc:
● көлеңке және жартылай көлеңкенің пайда болуы

Астрономиялық әдіспен жарық жылдамдығын анықтаған:
● Оле Ремер мен Джеймс Брадлей

Лабораториялық әдіспен жарық жылдамдығын анықтаған француз физигі:
● Луи Физо

Шағылудың түрлері:
● диффузиялық(шашырау) және айналық

Жарықты барлық бағытта біркелкі шашырататын бет:
● тегіс бет

Жазық айна формуласы:
● d=-f

Шағылдыратын беттері қисық болып келетін айна:
● cфералық айна

Жарық сәулесі таралады:
● түзу сызық бойымен

Жарық сәулесі түзу сызық бойымен таралады:
● біртекті ортада

Ферма принципі:
● жарық кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне ең аз уақыт кететін жолмен таралады
361 viewsbook, 15:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 18:30:01
273 viewsbook, 15:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 17:00:01
94 viewsbook, 14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 17:00:01
91 viewsbook, 14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 16:00:01
География слив
@grant2022kz
180 viewsbook, 13:00
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 15:30:00
213 viewsbook, 12:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 15:29:24 GRANTS 2022 pinned a photo
12:29
Ашу / Түсініктеме