Get Mystery Box with random crypto!

'2022 жылдың Үздік кітаптар тізімі' GQR's list 'Жалпы шынымд | Challenge Yourself

"2022 жылдың Үздік кітаптар тізімі" GQR's list

"Жалпы шынымды айтсам, кітап оқуды қаным сүймейді " - деп өзімді жыл қинаған болатынмын, сөйтіп уақыт өте келе, мағынасын-мәнін түсіне бастаған соң ғана кітаптарға деген құмарлығым ашылады бастады. Сөйтіп басында, әр кітапқа рецензия жазам деп шештім, бірақ онымнан толком ештеңе шықпады, біресе жазып бастаймын да тастап кетем , біресе текстім ұнамады деп шығармаймын , бітпейтін отмазкамен все таки жазбайтын болып шештім .

Бірақ өзіме, алданыш болсын деп, жылына 50-80 кітабымның өзара номинациясын ұйымдастырып, қысқа рецензия түрін қоюды шештім.

Биыл кітап оқу өткен жылға қарағанда әлсіз кетті , жылдың ортасында бір және аяғында бір шалыс бердім
Айналдырған -ден астам оқыған кітаптардың арасынан
Осы жылдың кітап қорытынды номинациясы :

жылдың ең үздік кітабы:
Дэн Хиз "На шаг впереди" - Год за годом занимаясь решением проблем, нетрудно забыть, что их можно еще и предотвращать.
Америка мен Нидерланды мемлекетінің медицинаға құйған инвестициясына бір көз жүгіртсек:
Екеуінде де қымбат, күшті медицина, үздік мамандар мен үздік технология тандемде жұмыс істеп жатыр. Бірақ біреуі себептермен күрес жүргізіп келеді, ал екіншісі профилактикасын жасап жатыр. Енді 10-20-30-40 жылдан кейін қарасаң, Нидерланды халқы бойы ең ұзын, денсаулық бойынша үздік бесте және жастайынан өлім құшу деген нөлге жақын.
Себебі біреуі ауру пайда болғанда ем жасауға ден қойса, екіншісі баланы туатын ананың жағдайын дұрыстаудан бастаған...

Ең Үздік Ертегі
Дж.К. Роулиң "Икабог" - Новая добрая, захватывающая история о страшном монстре, невероятных приключениях и о надежде, которая остаётся несмотря ни на что. Очень креативный подход на политику и историю, даже города сказочные: Тортвиль, Сырбург, Вино-Град, Бифтаун

Ең Үздік зерттеу кітабы
Марианна Вульф "Пруст и Кальмар" - әр сөз, сөз тіркесі, сөйлем, грамматика, фонетика барлығы барлығы біздің миымыздың дамуына, басқаша жетілуіне қатты әсер беретіні туралы және вообще тіл қайдан пайда болды, қалай адамдар үйренді және т.с.с.
Жаңа тіл үйренуге, көбірек кітап оқуға, әр оқыған сөзге, сөйлемге мән беруді, адамның сөзіне мән беруді түсіндірген, мотивация берген кітап.

Үздік кәсіби кітап
Тренер, мұғалім ретінде кәсіби жетілуіме тікелей әсер еткен кітап номинациясы
Акаш Кария "Воспламеняй своим словом" - Public speech қалай жасау керек деген сұраққа түсінікті, қысқа әрі керекті құралдарымен әрі мысалдарымен бөліскен кітап

Ең Үздік болмаса да, 2022 ТОП-10-ға лайықты тізімді де қалдырайын:
Виктория Шиманская "Коммуникация" - для подростков и не только
Ульрих Бозер "Как научиться учиться" - Жалпы ойлану, үй тапсырмасын орындау сияқты basic skill-дарды жақсы түсіндіреді.
Стефани Лэнд "Уборщица" - сериалы да бар дейді, real life мотивация
Эрика Фатланд "Советистан" - Орта Азия мемлекетіне көзқарас
Джошуа Фоэр "Эйнштейн гуляет по луне" - память жақсартуға байланысты

Маған кітаптарға байланысты қандай ұсыныстарыңыз бар?
Мархаба