Get Mystery Box with random crypto!

Кез – келген адамға уақыттың жетіспеушілігі таныс деп ойлаймы | Challenge Yourself

Кез – келген адамға уақыттың жетіспеушілігі таныс деп ойлаймын, күннің тез аяқталуы- жыл, ай сияқты, ай апта сияқты, апта күн сияқты тез өте шығады екен, бұл құбылыс, мүмкін: біз әдеттегі жиырма төрт сағаттан гөрі ұзақ күндер үшін жаратылған шығармыз немесе басқа әлем үшін жаралғанбыз ба

Кеше ғана 2022 жыл басталып жатқан сияқты еді, бүгін қарасам уже аяғына келіппіз.
Осы жылы не бітірдім деп еске алайын десең, сол баяғы рутина, таңертең бардың, кешке келдің, ұйқы, тамақ, өтіп жатқан мағынасыз күндер, апта соңдары демалайыншы деп істейтін кішігірім кафе, кино тағысын тағы активитилерің.

Ал енді, сол өмірге кішкене түс (краска) қоссаң, жыл бойы еске алатын кездер де солар болып кете береді екен. Мысалы, осы жылы шетелге қыдырып келдің, міндетті түрде шетел туралы жарық (яркие) моменттерің жадыңда сақталып қалды.
Оған адамдарға пайдалы жобаны қоссаң, одан да түрлене бастайды. Елге қызмет, жаңашылдық әкелу, өзгерістер енгізу қосылса одан да түрлене түседі.

Демек, біздің уақыт алуан-алуан шараларға: жаңа ел көру, жер көру, адам тану, өзге әдет-ғұрыппен танысу, заманауи білім алу, көкжиекті кеңейту, өмірді ұзартады-мыс.

Негізінде адам Үлкен мақсаттар үшін жаралған, өмірін мәнді, мағыналы сүре бастағанда ғана түрлене бастайды. Ананың балам үшін өмір сүрем дегені, батырдың елім үшін бармын дегені, ұстаздың жаңа дәннің өнуі үшін, жаным құрбан дегені барлығы барлығы осыны меңзегендей...
"Өмір" деген үлкен сценарийлі фильмде әркімнің өзінің рөлі барына еш күмәнім жоқ,
Абай атамыз айтпақшы:
"Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де БІР дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!"