Get Mystery Box with random crypto!

Қорқынышты әңгімелер time

Telegram арнасының логотипі gorgynyshty — Қорқынышты әңгімелер time Қ
Telegram арнасының логотипі gorgynyshty — Қорқынышты әңгімелер time
Арна мекенжайы: @gorgynyshty
Санаттар: Ойын-сауықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 144
Арнадан сипаттама

☜Qorqynyshty angimeler☞
☜El auzynda zhu'rgen an'yzdar☞
♔BLD: @marlen_koke
Bas adminka: @Mina_love_you
❀S/K: @Komiksteralemi

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-02-16 15:23:23 Жанар бугин уйнде тагы жалгыз калды.Уйи ески патер еди.13-14жастагы кыз бала корыкпайды деп ким айтты.Бари де коркады.Уй ески болгасын онда елес болады деген ой баримизгеде келеди!!
Жанар жумыстан шаршап келип,жуынып тамак ишеди.Жаздын ыстык кундеринин бири еди.Желдеткишти косып,шай орынын жинап жинала отырады.Желдеткиш астында жатып теледидар карап татти уйкыга батады.Браз уйыктап кетипты.Салден киын ыдыстын кулаган даусынан щошып оянган Жанар,тез арада жарык жагады.Бирден ас болмеге барады.Ыдыс жугыш табагы жерге тусип кетипты.Ол табакты котерип ман бермей кайта оз орнына барады.Терезеге коз салса жабуга умытып кетипти.Жакындап келип жаба бастаганда алдынан ак бр нарсе зуылдата отеди.Ол коркып терезе жапкышын тез жауып оз орнына жата калады.Онын ойына артурли ойлар келип мазасыз куйге келеди.Оны мына сурак мазалайды:"жанагсы ак нарсе не болганы   алде ол елеспе??! "
"жок жок ондай ойды ойламаймын жок  оз озын токтатады!!" Онын ойына тагы бр сурак келеди.Ол ишинен "Мен ыдыс жугыш табакты шкафтын ишине салдым.Ол карайша устел астына туседи?!  Мен барып кайтадан тексерип келейн деп асболмеге жол тартады.Асболмеге келсе ....... устел устине бреу ыдыс аякты шашып тастапты   ол аузын ашып калады.Тез тез ыдысты жинай бастайды.Теледидар жакта бреу кумбрлеп сойлегендей болады.Ол шошып сол болмеге жугиреди.Караса теледидар косылып тур.Ал тосек шашлып жатыр.Ол бул тылсым кубылыска тамсанады??!Терезеге караса жакпыщ ашылып кеткен.Ол терезени жаба бамтаганда терзеден шашы жалбыраган коркынышты кыз карап турады.Ол бар дауымен шынгырып,Талып калады.Содан киын жанар мулдем сойлеуден калады.Туыстары оган не болганын али кунге диын билмиди.Тек кунде тун баткан сайын жанар жан танимен шынгырады.!!


#KIM_MINA
11 viewsMina , 12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 12:46:38 Активный болайық
31 viewsСонджин, 09:46
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 12:45:47 https://t.me/fanfikalem1
31 views09:45
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 12:32:28
Қазіргі балдар неден қорқады
32 views09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 12:32:23
Біз баяғыда осыдан қорқатын едк
32 views09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 11:02:59 Боқан шалдың қазасы
Наурыз келді. Оңтүстікте күн ерте жылынады. Жер қарайып, күн көтеріліп қалған. Мал болмағасын істейтін шаруа да жоқ. Жазға салым қалаға барып, жан бағар жұмыс іздеп көрсем деген ойым бар. Менімен мектеп бітірген балалардың үшеуі ғана оқуға түсті. Қалғандары ауылда.
Олардың бітіретін бар шаруасы бастары қосылса арақ ішеді (ақшаны қайдан алатыны белгісіз). Мал баққан мен оларға көп қосыла қоймайтынмын. Дегенмен, соңғы кезде аздап араласатын болдым.

Бір күні Боқан шал қайтыс болды. Ауруы жоқ қақаңдап жүрген шал кенет екі кештің арасында басым ауырып тұр, жата тұрайын деп төсекке қисаяды да, бақи дүниеге жүріп кетеді. Жасы сексеннен асқан кісі, бәлкім кәріліктің салдары шығар.

Туған келінімен ашына болып, жүз ұялар іс істеп жүргенін білсем де, ауылдас болғасын қазасына бардым. Кеңес заманындағыдай емес, қазір жұрт аз да болса дінге бет бұра бастаған. Қосымбек молда азынатып құран оқыды. Намаз білетіндер молдамен бірге намазға тұрды.

Сол сәт неге екені белгісіз сайтан азғырды ма білмеймін, тәнімнен шығып, Боқан шалдың жайын білгім келгені. Әбден машықтанып алған мен отырып та, тұрып та, тіпті жүріп келе жатып та тәнімнен шыға алатын болғанмын.

Содан тәнімнен шықтым. Боқан шалдың денесі ортада табытта жатыр. Кебінге оралған мүрдені кілеммен жауып қойған. Тәнімнен шыққан сәт мен табытта жатқан мүрденің жанында сұр түсті кебінге оранған Боқан шалды көрдім. Ол өз мүрдесінің жанында жүрелеп отыр екен.

Құданың құдыретімен әлгінің үстіндегі кендір сияқты сұр кебіннен мүңкіген жаман иіс шығып тұрды. Тіпті, қолқаны атып әкетіп барады. Содан қашып алысырақ барып тұрдым. Намаз оқылып болған соң табыт жүк машинасының қорабына салынды. Біраз адам сонда отырды. Жас жігіттер барып жерлеуге көмектесіңдер дегесін мен де міндім машинаға.

Тәніме қайта қосылғаннан кейін бе, әлгі қолқаны атар жаман иісті сезінбедім. Ауылдан үш шақырымдай жерде үлкен қорым бар. Сонда келдік. Екі жаман «Жигулиге» мінген молда мен біраз шал да келді қорымға. Табытты жерге түсірген соң Қосымбек молда азынатып тағы да құран оқыды.

Мен тәнімнен шығып, Боқан шалды тағы да байқастап көргім келді. Ол бейшара үстіндегі сасыған кендір кебінмен мүрдесінің жанында бүрісіп отыр екен. Бір кезде жан-жағына үрейлене қарай бастады. Екі көзі шарасынан шығардай аларып кеткен.

Кенет маған көзі түскенде жеп жіберердей тесірейе қарады. Қорыққанымнан зәрем зәр түбіне кетсін. Кенет ол жаныма жетіп келді.

#Sonjim
43 views08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 11:02:41 Бұл хикая Жапон елінде болыпты. Токионың ең атақты газеттерінің бірі өзгеше хабарландыру басыпты. Мазмұны мынадай: «Әке-шеше сатам. Әкем 70, анам 65 жаста. Бағасы –мың иен. Бір тиын да түспеймін!»

Хабарландыруды оқыған адамдар таң қалысады. «Сұмдық-ақ, ақырзаман деген осы екен-ау, енді балалар әке-шешесін сататын болған ба?» Кейбіреу оған: «Билік мұндайға қалайша жол берген» — деп кейіпті.
Хабарландыруға байланысты көп шу шығады. Жұрт біршама уақыт бойы дүрлігеді. Оны үйде, көшеде, жұмыста, бүкіл ел болып ортаға салыпты.

Осы хабарландыру берілген газет, бір жас отбасының шаңырағына да келіпті. Олар жуырда ғана көлік апатынан қайтыс болған ата-аналарының асын беріп болған екен. Жоқтау айтып, қайғырып отырған жас отбасы өзге біреудің ата-анасын сатқысы келгенін хайуандық деп бағалайды. Байқұс ата-ана қандай күй кешіп жатыр екен деп қатты уайымдайды. Мұндай ұрпақтан не жақсылық күтуге болады.

Жас отбасы сол хабарландыруды алып, қартайғанда бейшараның күйін кешіп, туған баласы бас тартқан мүсәпір «әке-шешені» сатып алмақ болады. Оларды үйлеріне әкеліп перзенттік махаббатқа кенелтейік деп шешеді. Ақ ниетті жандар көрсетілген мекен-жайға да жетеді. Келсе, алдарынан зәулім үй шығады. Хабарландырудан қате кеткен шығар деп ойлайды жастар. Дегенмен, есіктің қоңырауын басып күтеді. Есікті жасы келген ақсақал ашады. Жылы күлімсіреген ол бұлардың не үшін келгенін байсалды түрде тыңдайды. «Бәлкім, біз адасып кеткен шығармыз?» деген сөздерге ақсақал: «Жоқ, сіздер тура келдіңіздер, Үйге кіріңіздер», -деп жастарды төрге отырғызады. «Қазір мен бәйбішемді шақырайын», - деп өзі ішкі бөлмеге кіріп кетеді. Кемпірін жетектеп, екеуі тез оралады. Сосын, жастарға жағдайды былай деп түсіндірген екен: «Бұл үйдің иесі- бізбіз. Бұдан да өзге құнды дүние – мүлкіміз мол. Бірақ біздің баламыз жоқ. Жиған-тергеніміздің барлығын ертең кімге қалдырарымызды білмейміз. Не де болса, иманды, ізгі ниетті, жақсы адамның қолына қалдырайық дедік. Сол үшін өзгеше хабарландыру берген едік. Мұндай хабарға тек ар-намысы мол адам ғана жауап қатар деп шештік. Мұндай тауарға сатып алушы табылатынына күмәнді едік. Сіздердің ниеттеріңіз- абройлы әрекет. Бізге зор қуаныш силадыңыздар. Біз іздеген жақсы адамдар сіздер екенсіздер. Ендеше біз бар дүние-мүлкімізді сіздерге қалдырғымыз келеді»


#Sonjim
40 views08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 08:14:47 Мен казыр сабақтамын келген соң қорқынышты оқиға саламын
48 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 08:14:07 Қайырлы таң♡
45 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 21:12:02 Қайырлы түн<3
18 views18:12
Ашу / Түсініктеме